August 5, 2019

ЕКІНШІ ТАПСЫРМА ⠀

1. Біздің @kyzdarga.marafon парақшасынан өзіңізге ұнаған ерте тұру əдісінің бірін таңдап (интернеттен басқа да əдістер қарауға болады) бүгіннен бастап ерте тұрып машықтаныңыз. Марафон барысында таңда 6-7 аралығында оянуға тырысыңыз. Егер намаз оқитын болсаңыз, күннен бұрын, яғни таң намазы уақытында оянамыз. Әр қалада уақыт әр түрлі, сол себепті өз қалаңыздың уақытымен жасаңыз. Намаз уақытын интернеттен көруге болады немесе Sajda деген программаны жүктеп, күнде қарап отыра аласыз.

⠀2. Таңда оянған соң (таң намазынан соң), сыртта жарты сағат жүріп қайтыңыз. Серуендеп жүргеніңізден сторис түсіріп, @almaty.aielder.ortalygy парақшасын белгілеп сурет немесе видео салыңыз.

(осы тапсырма 10-күн бойы орындалады)⠀

3. Өз таңдаған əдісіңіз туралы пост жазыңыз. Постыңызды ертең сағат 19:00-ге дейін салыңыз. #әйелдерорталығы_марафон @almaty.aielder.ortalygy деп белгілеуді ұмытпаңыз.

ЕҢ ҚЫЗЫҚТЫ, КЕРЕМЕТ ПОСТҚА 2000 БАЛАНС БЕРЕМІЗ!

БҰЛ КОНКУРС МАРАФОН АЯҚТАЛҒАНША ЖАЛҒАСАДЫ, ЯҒНИ ӘР ТАПСЫРМАНЫҢ БІР ЖЕҢІМПАЗЫ БОЛАДЫ!

4. Бірінші күннің тапсырмасын орындамаған қатысушылар өз тапсырмасын сағат 19:00-ге дейін тапсыру керек.

⠀5. Тазалау процессінде қалып қойған істеріңіз болса бүгін бітіріп алыңыз. Мойныңызда мейлінше бітпеген іс қалмауы керек.