August 7, 2019

ТӨРТІНШІ ТАПСЫРМА

Міне марафонның төртінші күніне келдік. Үш күн тазалықпен айналасқан тəніміз бен жанымызды енді жаңа пайдалы дүниелермен, позитивпен толтыруымыз қажет. Сондықтан ең бірінші шүкіршілік айтуды үйренейік.

Асыл дініміз - Исламда "шүкіршілік" айту ресми психологиядағы рахмет, алғыс айту техникасына ұқсас. Шүкіршілік ету – көп қырлы амалдардың бірі болып табылады. Алланың нығметін санасақ, санына жете алмасымыз — ақиқат.

Міне, осындай жоғары мəртебеге ие жаратылыс ретінде жер жүзінде сан-санақсыз нығметтермен ризықтандырып, өмірдің сан алуан жақсылықтарын нəсіп еткені үшін Аллаға құлдарының шүкіршілік етуі заңды емес пе?!⠀

Осындай орасан нығметтердің төлеуі ретінде Аса қамқор, Ерекше Мейірімді Алла Тағала бізден болмашы ғана құлшылықты талап етеді. Ол – бүгінгі тақырыбымызға тұздық болып отырған шүкіршілік ету құлшылығы.

Алла Тағалаға шүкіршілік айтуды үнемі жасап жүрсеңіз, тым болмаса 1 ай тоқтатпай айтсаңыз нəтижесін көресіз.

Бүгін өз өміріңізде ​шүкіршілік ететін 100 жақсылықтың​ тізімін жазыңыз. Қазіргі, бүгінгі бар болмысыңызда Алла Тағаланың берген қандай нығметтеріне шүкір айтасыз?

ТАПСЫРМАНЫ ОРЫНДАМАС БҰРЫН, ЖОҒАРЫДАҒЫ МӘТІНДІ ОҚЫҢЫЗ!☝🏻

Осы тапсырманы шын ниетіңізбен, мəн беріп, жүрекпен орындағаныңызда көңіл-күйіңіз көтеріліп, өміріңізге көзқарасыңыз өзгеретініне кəміл сенеміз.

Позитивті көңіл-күйде болудың тағы бір жолы - өзіңнің қалауыңды білу жəне өзіңе қуаныш сыйлай алу.

Сіз қандай жағдайда, қандай заттардан, құбылыс пен істен позтивті эмоция аласыз? Мүмкін ол балмұздақ жеуден шығар? Əлде велосипед тепкенде ме? Мүмкін жаңа ашылған гүлді иіскегенде болар, немесе кітап оқығанда ма?

Бүгін өзіңізге шын позитив сыйлайтын дүниелерді анықтап, ​соның​​ 7-еуін өзіңізге сыйлаңыз.

4-ТАПСЫРМА:

  • Дəптеріңізге 100 шүкіршілік жазыңыз.
  • Өзіңізге қандай 7 позитив сыйлағаныңыз жайлы есеп жазыңыз.
  • Бүгінгі күннен алған əсеріңіз жайлы пост жазып инстаграмға салыңыз. Постыңызды ертең сағат 20:00-ге дейін салыңыз.​#ƏйелдерОрталығы_марафон @almaty.aielder.ortalygy​деп белгілеуді ұмытпаңыз.
  • "МОЙ МИР" деген түрік фильмін көріңіз, әсеріңізбен постта бөлісіңіз. Мына сілтемені басып көре аласыз 👉 "Мой мир"

ЕҢ ҚЫЗЫҚТЫ, КЕРЕМЕТ ПОСТҚА СЫЙЛЫҚ БЕРЕМІЗ ЖӘНЕ 2000 БАЛАНС БЕРЕМІЗ! БҰЛ КОНКУРС МАРАФОН АЯҚТАЛҒАНША ЖАЛҒАСАДЫ!

Тапсырмаларды өзіңіздің парақшаңызға пост ретінде салып, бізді белгілейсіз.