August 5
Қазақстаннан тыс жерлердегі жылжымайтын мүлік
Егер сізде басқа елдерде: үйлер, пәтерлер, гараждар, саяжайлар, ғимараттар немесе құрылыстар, жер телімдері, жер үлестері, сондай-ақ әуе/теңіз/өзен кемесі болса, оларды декларацияда көрсету керек.
Жылжымайтын мүліктің әр түрі туралы деректі жеке толтыру керек.
Менің шетелде мүлкім бар. Менің жұбайым оны өз декларациясында көрсетуі керек пе?
Бұл мүліктің иесіне байланысты. Егер мүлік иесi ерлi-зайыптылардың бiрi болса, табыс декларациясында шетелдегi мүлкi жайлы ақпаратты тек сол адам көрсетедi. Егер ерлі-зайыптылардың екеуі де мүлік иесі болса, декларацияда ақпаратты екеуі де көрсетуі керек.
Егер сізде қандай да бір сұрақ туындаса, төмендегі деректер бойынша жүгініп, жауап ала аласыз:
- 1414 нөмірі бойынша
- Мына сайтта әр қала бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының деректері көрсетілген
- Жалпыға бірдей декларацияға арналған Мемлекеттік кірістер комитетінің чатында