Шетелдік банктердегі ақша
Заң бойынша, сіз шетелдік банкте минимум 3 450 000₸ декларациялай аласыз. Бұл сома бір шотта емес, бірнеше шотта болуы мүмкін. Бұл жағдайда барлық шетелдік шоттарды көрсетуіңіз керек.
Шетелде оқыдым, менде әлі есепшот бар. Оны көрсетуім керек пе?
Жоқ. 250-нысанында ҚР тыс жерлерде орналасқан шетел банктеріндегі банктік шоттардағы АЕК-тің 1000 еселенген жиынтығынан асатын ақша туралы мәліметтер көрсетіледі.
Менің шетелде оқитын, сонда жұмыс істейтін және шетел банктерінде есепшоттары, шетел валютасында ақшалары бар студент балаларым бар. Бастапқы декларацияда олар өздерінің шоттары мен қаражатының бар-жоғын қалай көрсете алады?
Минимум 3 450 000 ₸-ні декларациялауға болады. Бұл сома бір шотта емес, бірнеше шотта болуы мүмкін. Бұл жағдайда балалар барлық шетелдік шоттарын көрсетуі керек.
Бірлескен шоттарды қалай декларациялауға болады?
Бірлескен банктік шоттарды иеленушілердің бірі көрсетеді.
PayPal-дағы ақшаны қалай декларациялаймыз?
Оларды қолма-қол ақша түрінде көрсетуге болады.
Егер сізде қандай да бір сұрақ туындаса, төмендегі деректер бойынша жүгініп, жауап ала аласыз:
- 1414 нөмірі бойынша
- Мына сайтта әр қала бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының деректері көрсетілген
- Жалпыға бірдей декларацияға арналған Мемлекеттік кірістер комитетінің чатында