August 5
Қазақстаннан тыс жерлердегі көлік
Егер сізде жеңіл көлік, жүк көлігі, мотоцикл, квадроцикл немесе трицикл болса, оларды декларацияда көрсету керек.
Әр көлік туралы деректерді жеке толтыру керек.
Менің шетелде мүлкім бар. Менің жұбайым оны өз декларациясында көрсетуі керек пе?
Бұл мүліктің иесіне байланысты. Егер мүлік иесi ерлi-зайыптылардың бiрi болса, табыс декларациясында шетелдегi мүлкi жайлы ақпаратты тек сол адам көрсетедi. Егер ерлі-зайыптылардың екеуі де мүлік иесі болса, декларацияда ақпаратты екеуі де көрсетуі керек.
Егер сізде қандай да бір сұрақ туындаса, төмендегі деректер бойынша жүгініп, жауап ала аласыз:
- 1414 нөмірі бойынша
- Мына сайтта әр қала бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының деректері көрсетілген
- Жалпыға бірдей декларацияға арналған Мемлекеттік кірістер комитетінің чатында