August 5
Қазақстанда және одан тыс жерлердегі үлестік тұрғын үй құрылысы шарттары
Әр шарт туралы деректерді мұқият толтыру керек.
Декларацияда жылжымайтын мүлікті брондау шарты қалай көрсетіледі?
Жылжымайтын мүлікті брондау шарттары бойынша салынған қаражат сомасы қолма-қол ақша ретінде көрсетіледі.
Егер үлестік келісімге отырған болсам, оны декларациялауым керек пе? Егер алдын ала келісім болса, не істеу керек?
Алдын ала сатып алу-сату шарты бойынша 2023 жылы сатып алынған, бірақ 2024 жылы тіркелген пәтерді қандай да бір түрде көрсету қажет пе?
Иә, оны үлестік қатысу келісімінде көрсету керек. Сатып алғаныңызды 2025 жылы 270-нысанда көрсетесіз.
Егер сізде қандай да бір сұрақ туындаса, төмендегі деректер бойынша жүгініп, жауап ала аласыз:
- 1414 нөмірі бойынша
- Мына сайтта әр қала бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының деректері көрсетілген
- Жалпыға бірдей декларацияға арналған Мемлекеттік кірістер комитетінің чатында