August 5

Қазақстаннан тыс жерлердегі банктердегі ақша

Егер сіз «иә» деген жауапты таңдасаңыз, толық мәліметтерді көрсету керек. Заң бойынша ең аз дегенде 3 450 000₸ декларациялауға болады. Бұл сома бір шотта емес, бірнеше шотта болуы мүмкін. Бұл жағдайда сіз барлық шетелдік шоттарды көрсетуіңіз керек.

Шетелде оқыдым, әлі менде есепшот бар. Оны көрсетуім керек пе?

Жоқ. 250-нысанында ҚР тыс жерлерде орналасқан шетел банктеріндегі банктік шоттардағы АЕК-тің 1000 еселенген жиынтығынан асатын ақша туралы мәліметтер көрсетіледі.

PayPal-дағы ақшаны қалай декларациялаймыз?

Оларды қолма-қол ақша түрінде көрсетуге болады.

Менің шетелде оқитын, сонда жұмыс істейтін және шетел банктерінде есепшоттары, шетел валютасында ақшалары бар студент балаларым бар. Бастапқы декларацияда олар өздерінің шоттары мен қаражатының бар-жоғын қалай көрсете алады?

Минимум 3 450 000 ₸-ні декларациялауға болады. Бұл сома бір шотта емес, бірнеше шотта болуы мүмкін. Бұл жағдайда балалар барлық шетелдік шоттарын көрсетуі керек.

Бірлескен шоттарды қалай декларациялауға болады?

Бірлескен банктік шоттарды иеленушілердің бірі көрсетеді.

Егер сізде қандай да бір сұрақ туындаса, төмендегі деректер бойынша жүгініп, жауап ала аласыз:

- 1414 нөмірі бойынша
- Мына сайтта әр қала бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының деректері көрсетілген
- Жалпыға бірдей декларацияға арналған Мемлекеттік кірістер комитетінің чатында

НҰСҚАУЛЫҚҚА ҚАЙТА БАРУ