August 5

Қазақстанда және одан тыс жерлердегі инвестициялық қорлардағы үлестер (пайлар) 

Егер сізде инвестициялық қорлардың үлестері болса, оны декларацияда көрсету керек.

250 нысанды декларациядағы инвестициялық қорлардағы үлестер (пайлар) деген не?

Инвестициялық үлес (пай) – физикалық құжаты жоқ атаулы бағалы қағаз. Ол меншік иесінің қордағы мүлік үлесіне құқығын дәлелдейді. Пайлық қордың қатысушылары акцияларға, облигациялар мен басқа активтерге инвестициялап, олардың құнының өсуі арқылы табыс табады.

«Қордың тіркелген елі» бағанында акцияны сатып алған компанияны көрсету керек пе, әлде акция шығарылған елді көрсету керек пе?

Пайлар шығарылған елдің коды толтырылады. Ел коды екі таңбалы әріптік кодқа сәйкес көрсетіледі.

Мен инвестормын және биыл 240 нысанын тапсырдым, 250 нысанын тапсыруым керек пе?

Иә. Егер сіз 240 формасын тапсырсаңыз, 250-ні де тапсыруыңыз керек. Келесі жылдарда 250-нысан бойынша декларацияны тапсыру арқылы Жалпыға бірдей декларация жүйесіне кірген кезде 240-нысанын тапсыру қажет болмайды. Ол 270-нысанына ауыстырылады.

Егер сізде қандай да бір сұрақ туындаса, төмендегі деректер бойынша жүгініп, жауап ала аласыз:

- 1414 нөмірі бойынша
- Мына сайтта әр қала бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының деректері көрсетілген
- Жалпыға бірдей декларацияға арналған Мемлекеттік кірістер комитетінің чатында

НҰСҚАУЛЫҚҚА ҚАЙТА БАРУ