August 5, 2024

Қазақстаннан тыс жерлердегі жылжымайтын мүлік

Егер сізде басқа елдерде: үйлер, пәтерлер, гараждар, саяжайлар, ғимараттар немесе құрылыстар, жер телімдері, жер үлестері, сондай-ақ әуе/теңіз/өзен кемесі болса, онда оларды декларацияда көрсету керек.

"Иә" жауабын таңдау кезінде жылжымайтын мүліктің әр түрі туралы нысанды толтыру керек.

Менің шетелде мүлкім бар. Менің жұбайым оны өз декларациясында көрсетуі керек пе?

Бұл мүліктің иесіне байланысты. Егер мүлік иесi ерлi-зайыптылардың бiрi болса, табыс декларациясында шетелдегi мүлкi жайлы ақпаратты тек сол адам көрсетедi. Егер ерлі-зайыптылардың екеуі де мүлік иесі болса, декларацияда ақпаратты екеуі де көрсетуі керек.

Егер сізде қандай да бір сұрақ туындаса, төмендегі деректер бойынша жүгініп, жауап ала аласыз:

- 1414 нөмірі бойынша
- Мына сайтта әр қала бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының деректері көрсетілген
- Жалпыға бірдей декларацияға арналған Мемлекеттік кірістер комитетінің чатында

НҰСҚАУЛЫҚҚА ҚАЙТА БАРУ