OGO карталары бойынша кешбэк алу туралы толық ақпарат
Қолдануға төмендегі санаттар беріледі:
- Қоғамдық көлік (Onay, Avtobys): 99,99%-ға дейін. Толығырақ мына жазбада (1,2 және 3-әдістер). Науқанның өзіне сілтеме.
- Самокат пен велосипедтердіі жалға алу: 50% (күніне екі рет максимум 300Б).
- Супермаркеттер: 5% (1 транзакция үшін максимум 1000Б).
- Такси: 5% (1 транзакция үшін максимум 1000Б).
- Дәмханалар мен мейрамханалар: 5% (1 транзакция үшін максимум 1000Б).
- Duty Free: 10% (1 транзакция үшін максимум 2000Б).
- Науқанға қатыспайтын тармақтарды қоспағанда кез келген транзакциялар: 2%, бірақ 1 транзакция үшін максимум 500Б. Айына максимум 30 000 бонус.
Шарттары: бонустар өңдеуден кейін есептеледі (әдетте 4 күнге дейін). Айына бонустардың минималды шегі жоқ. Кешбэкті аударып алудың минималды сомасы 100Б (ұялы телефонға ақша ретінде аударылады). Күнтізбелік айдағы бонустардың максималды саны - 30 000Б. Бір транзакция үшін бонустар бойынша шектеулер санаттарда сипатталған.
Сайттағы кешбэктер бойынша брошюра сілтемеде.
OGO Finance картасына (OGO картасына)қысқаша шолу: виртуалды және пластик нұсқалары бар. Толығымен тегін. Кешбэк тек Apple, Google мен Samsung Pay арқылы төлеген кезде есептеледі.
Толық шолу сілтемеде.
Kcell-мен байланыс – 9090; 116. Activ-пен байланыс – 3030; 116.
OGO картасы – бұл Kcell мен Activ-пен бірлескен Jusan картасы, сондықтан Jusan-мен байланыс - 7711.
Комиссиясыз толтыру әдістері сілтемеде (№ 1, 2, 4, 6, 7, 9, 10 әдістерін қараңыз).