August 5

Қазақстандағы және одан тыс жерлердегі қымбатқа бағаланатын мүлік

Егер құны 3 450 000₸-ден асатын бағалы мүлкіңіз болса, оны бағалап, декларацияға енгізу қажет. Егер сіз 250 нысанындағы декларацияны биыл тапсыратын болсаңыз, бағалауды 2024 жылдың 15 қыркүйегіне дейін өткізіп үлгеруіңіз керек. Бұл жерде болашақта сатуға болатын кез келген қымбат заттар туралы айтылған. Бұл техника, коллекциялық заттар, тарихи және естелік заттар, асыл тұқымды жануарлар, зергерлік бұйымдар, жиһаздар, өнер туындылары мен т.б. Көліктер мен пәтерлерден басқа мүлік.

Мұны не үшін істеу керек? Болашақта салық төлемеу үшін. Мысалы: сізде бүгінгі таңда құны 5 миллион ₸-ге бағаланатын маркалар жинағы бар делік. 10 жылдан оны кейін 20 миллион ₸-ғге сатуыңыз мүмкін. Осы кезде салық басқармасы сізден 20 миллионды қайдан алдыңыз деп сұрауы мүмкін, алайда коллекцияңыздың құнын бағалап, кіріс декларациясына қоссаңыз, кейін олар сізден 10% салық алмайды.

Менің қымбат мүлкім бар, бірақ оның бағаланған құны жоқ. Не істеуім керек?

Үш нұсқасы бар:

  • бағалап, мүлікті декларацияға енгізу;
    Мұны кез келген бағалаушы компанияда жасауға болады. Соңғы мерзім — 15 қыркүйек. Құны 1000 АЕК-тен асатын мүлікті сату кезінде салық органдары тарапынан сұрақ туындамауы үшін оларды декларациялаған жөн.
  • декларацияда көрсетпеу,
    Бағаланбаған қымбат мүлікті декларацияға енгізу міндетті емес. Бірақ оны жасамасаңыз, сату кезінде мүліктің шығу тегін дәлелдеп, тапқан пайдаңыздан салық төлеу керек болады.
  • декларацияда сіздің қымбат мүлкіңіздің сату бағасына баламалы (шамамен) соманы қолма-қол ақша түрінде көрсетуге болады.

Есепке мүйізді ірі қара малды қосу керек пе?

Иә, бір данасының құны 3 миллион 450 мың ₸-ден асса. Егер бұл сомадан аз болса, малды сату кезінде қанша шығатынын қолма-қол ақша түрінде қоса аласыз.

Құны шамамен ~200-500$ тұратын сақиналар мен сырғалардың бір-бір данасын алып қарасақ, аталмыш зергерлік бұйымдарды декларациялау қаншалықты қажет (алдын ала бағалау арқылы)?

Құны 3 миллион 450 мың ₸ кем әшекейлерді декларациялау мүмкін емес. Бірақ басқа амалы бар. Зергерлік бұйымдарды сатқан жағдайда шығатын соманы қолма-қол ақша түрінде көрсетуге болады. Мысалы, сізде жалпы құны 2 миллион ₸ зергерлік бұйымдар бар делік, сондықтан қолма-қол ақша түрінде 2 миллионым бар деп көрсете аласыз, сонда кейін оларды сатқан кезде салық органдары тарапынан қандай да бір сұрақтар туындамайды.

Егер сізде қандай да бір сұрақ туындаса, төмендегі деректер бойынша жүгініп, жауап ала аласыз:

- 1414 нөмірі бойынша
- Мына сайтта әр қала бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының деректері көрсетілген
- Жалпыға бірдей декларацияға арналған Мемлекеттік кірістер комитетінің чатында

НҰСҚАУЛЫҚҚА ҚАЙТА БАРУ