е-otinish-те қалай өтініш береміз?
Компьютерден
https://eotinish.kz/ сайтына кіріңіз
ЭЦҚ арқылы немесе басқа әдіспен тіркеліңіз (сізде NCALayer орнатылған және қосылған болуы керек)
Кодекс түрі мен өтініш түрін өзгеріссіз қалдырсаңыз болады. Қажет болған жағдайда, оларды автоматты түрде ауыстырады.
Мемлекеттік орган жолағында қажеттісін көрсетіңіз. Мысалы:
• Тұтынушы құқықтарының бұзылуы – «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті». Өз тәжірибеме сүйенсем, сосын өтінішті жергілікті департаментке қайта бағыттайды. Сондықтан бірден жергілікті органды көрсетсеңіз болады. Мысалы, Астана бойынша «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті...»
• Жолдағы шұңқырлар – «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитеті»
• Интернетке қатысты мәселелер – «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті»
• Әуе жолаушылары құқықтарының бұзылуы – «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті»
• Цифрлық деректердің жария болуы: ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті
Сипаттама жолағында жағдайды егжей-тегжейлі баяндап беріңіз.
Картада көрсету жолағын толтыру міндетті емес
Файлды тіркеу — қолыңызда бар барлық дәлелдерді тіркеңіз. Неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы.
Тұрғылықты мекенжайыңыз бен басқа қалған деректерді толтырып, "қол қою мен жіберу" батырмасын басыңыз
Ары қарай өтініш мәртебесін "менің өтініштерім" бөлімінен бақылап отыруға болады. Жауап беру мерзімі 15 жұмыс күнін құрайды. Шағымдар бойынша 30 немесе одан да көп жұмыс күні болуы мүмкін.
Смартфоннан
eGov mobile қосымшасына кіріңіз. Сонда кіріп немесе бұрын қолданбаған болсаңыз, тіркеліңіз. Нұсқаулық сілтемеде.
Ары қарай бастапқы беттегі қызметтер бөлімінен eOtinish-ке өтіңіз.
Ары қарай "Өтініш беру" батырмасын басыңыз.
Сосын дәл компьютердегідей іс-әрекетті қайталаңыз (жоғарыдан қараңыз).
Өтініш мәртебесін мұнда да "Менің өтініштерім" бөлімінен бақылауға болады.