August 5

Қазақстанда және одан тыс жерлердегі бағалы қағаздар мен цифрлық активтер

Егер сізде акциялар, облигациялар, криптовалюталар немесе басқа да цифрлы активтер болса, оларды декларацияда міндетті түрде көрсету керек.

Мәліметтерді Құнды қағаздардың орталық депозитариясының сайтында ЭЦҚ арқылы нақтылауға болады (белсенді шоттар, олардың нөмірлері, қай жерде ашылғаны және т.б).

Егер активтер саны бірнешеу болса, оларды кезек-кезегімен көрсетесіз. Алдымен акция/криптовалютаның бір түрі жайлы деректерді енгізесіз, содан кейін келесісіне көшесіз.

2023 жылдың 31 желтоқсанындағы портфель сомасын емес, 2023 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша сізге тиесілі әрбір активтің сатып алу бағасын көрсету маңызды.

Егер сізде активтер саны көп болса, онда бұл бағанды ​​толтыру бойынша егжей-тегжейлі нұсқаулықты "Сбережения и инвестиции" жобасы әзірлеп шыққан. Онымен сілтемеге өтіп, таныса аласыз.

Мен инвестормын және биыл 240 нысанын тапсырдым, 250 нысанын тапсыруым керек пе?

Иә. Егер сіз 240 формасын тапсырсаңыз, 250-ні де тапсыруыңыз керек. Келесі жылдарда 250-нысан бойынша декларацияны тапсыру арқылы Жалпыға бірдей декларация жүйесіне кірген кезде 240-нысанын тапсыру қажет болмайды. Ол 270-нысанына ауыстырылады.

Егер менде акциялар болса және сол арқылы дивидендтер алып отырсам, кірісімді декларациялауым керек пе?

250 нысанды декларацияда тек акциялар мен басқа да бағалы қағаздардың өзін ғана көрсету керек.

Декларацияда тикерлер жоқ – бағалы қағаздарды қалай көрсетуге болады?

Кіріс декларациясында бағалы қағаздарды саны мен сатып алу бағасы бойынша сұрыптау қажет. Басқаша айтқанда, егер бағалы қағаздар түрлі бағамен сатып алынған болса, онда әрбір сауда жеке жолға енгізілуі керек.

Егер 2023 жылы KASE акцияларын сатып алып, сосын сатсам (жеке тұлға, жеке кәсіпкер емес, ЖШС емес), декларация тапсыру керек пе?

Жоқ. Жеке тұлғалар декларацияны 2025 жылы тапсырады.

Tabys қолданбасынан түсетін табысты не істейміз? Егер оны 2022 жылдан бастап сатып ала бастасам?

Нұсқаулықты оқып шығыңыз. 250 нысанды декларацияда сіздің активтеріңіз бен қарыздарыңыз көрсетіледі. Кіріс декларациясында табыс пен оның көздері көрсетілмейді. Бірақ Tabys қолданбасынан тапқан соманы қолма-қол ақша ретінде көрсетуге болады.

Егер сізде қандай да бір сұрақ туындаса, төмендегі деректер бойынша жүгініп, жауап ала аласыз:

- 1414 нөмірі бойынша
- Мына сайтта әр қала бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының деректері көрсетілген
- Жалпыға бірдей декларацияға арналған Мемлекеттік кірістер комитетінің чатында

НҰСҚАУЛЫҚҚА ҚАЙТА БАРУ

Аталмыш мақала дереккөзі: "Сбережения и инвестиции" жобасы