August 5

Жеке тұлғалар мен компаниялардың сізге қарызы

Егер біреу сізге қарыз болса, әр қарызды бөлек көрсетуіңіз керек. Есепке қосу үшін қарыздар нотариалды куәландырылған болуы керек. Бұл декларацияны тапсырмас бұрын жасау керек. Егер сіз биыл 250 нысанды декларацияны тапсыратын болсаңыз, қарыздарыңызды 2024 жылдың 15 қыркүйегіне дейін нотариалды куәландырып үлгеруіңіз керек. Үлгермесеңіз, бұл бөлімге өзгертулер енгізе алмайсыз.

Алайда, егер несиені немесе қарызды нотариалды куәландыруға мүмкіндігіңіз болмаса немесе 15 қыркүйекке дейін үлгермесеңіз, оны қолма-қол ақша түрінде көрсетуге болады. Мысалы, сізге Ермек деген досың 300 000₸ қарыз делік. Сіз бұл ақшаны өз декларацияңызда қолма-қол ақша бөлімінде көрсете аласыз. Ол сізге ақшаны қайтарған кезде, онсыз да солай болмақ. Алайда биылғы декларацияда былтырғы қарыздарымызды көрсететінімізді ұмытпаңыздар. Егер сіз немесе сізге биыл қарыз берсе(-ңіз), оны келесі жылы ғана көрсету керек болады.

Егер 2023 жылдың соңында маған қарыз болып, оны тек 2024 жылы қайтарса ше? Бұл декларацияда көрсетілуі керек пе?

Иә, көрсету керек.

Егер директор мен ЖШС арасында қаржылық көмек туралы келісім болса, оны көрсету керек пе?

Керек.

Менің ЖШС бар және оның қызметі аясында басқа ЖШС-теріне қарыздарым бар, оларды декларациялауым керек пе?

Жоқ, керек емес.

Мен қарызға ақша бердім. Оны декларацияда қалай көрсетемін?

Декларацияда борышкердің мәліметтері мен қарыз алған валютадағы соманы көрсету керек. Растау үшін борышкерден көрсетілген сома жазылған қолхат алып, оны 15.09.2024 жылға дейін нотариус арқылы куәландырыңыз.

Маған қарыз болғандар, қарыздарын қайтарды. Бұл соманы Қазақстандағы табыс туралы декларацияда қалай көрсетемін?

250-нысанды активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін сізге қайтарылған соманы қолма-қол ақша жинақтары ретінде көрсете аласыз. Ақшаны бұл мерзімнен кейін алған болсаңыз, декларацияда борышкер туралы ақпаратты көрсетіңіз. Ол үшін нотариалды расту қажет.

Нотариустар қағаз түбіртектердің орнына нотариалды қарыз шартын беруден бас тартқан борышкерлерді қалай декларациялауға болады?

Декларацияда борышкердің мәліметтері мен қарыз алған валютадағы соманы көрсету керек. Растау үшін борышкерден көрсетілген сомамен қолхат алып, оны 15.09.2024 жылға дейін нотариус арқылы куәландырыңыз. Бұл мүмкін болмаса, қарызды қолма-қол ақша ретінде көрсетіңіз.

Дебиторлық берешек туралы алып қарасақ ше? ҚР-дағы ЖШС құрылтайшысы Ресей азаматы, ол Ресейде бола тұра Ресейдің басқа азаматына қолхатпен ресімделген ақшаны қарызға берген. Оны қай елдің нотариусы арқылы куәландыруы керек?

Бейрезиденттер активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсырудан босатылады (250.00-нысан).

Егер сізде қандай да бір сұрақ туындаса, төмендегі деректер бойынша жүгініп, жауап ала аласыз:

- 1414 нөмірі бойынша
- Мына сайтта әр қала бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының деректері көрсетілген
- Жалпыға бірдей декларацияға арналған Мемлекеттік кірістер комитетінің чатында

НҰСҚАУЛЫҚҚА ҚАЙТА БАРУ