Еуразиялық банк ұсынатын науқан бойынша гайд
Бұл жайлы бірінші рет естіп тұрған жандарға:
• 30 жылдық мерейтойына орай банк биыл «Махаббатпен, Еуразиялық банк» науқанын өткізуде. Оның мәні мынада — 2024 жылдың әр айының 26-сы күні Еуразиялық банк карталарымен төлем жасағанда, сізге 30% бонус беріледі.
• Маңызды шарт: науқан тек 26-сы күні және тек смартфоннан, яғни Apple Pay, Google Pay мен Samsung Pay арқылы (Қазақстан аумағында) байланыссыз төлем жасау кезінде қолжетімді.
• Сондай-ақ: міндетті түрде POS терминал арқылы төлеу керек, кез келген банк терминалы жарамды. Онлайн төлемдер науқанға қатыспайды, тіпті қызмет немесе дүкен Apple Pay, Google Pay немесе Samsung Pay арқылы төлем қабылдаған күннің өзінде. Қаңтар және ақпан айларында онлайн сауда қолжетімді болғанын айта кету керек, бірақ наурыздан бастап жаңа ережелер енгізілді. Енді бонустар тек POS терминалдар арқылы төлем жасау кезінде қолжетімді. Бұл нақты ақпарат.
• Бонустар бойынша лимит – 30 000 (бұл карта бойынша айлық лимит). Бір транзакция үшін шектеулер жоқ. Яғни, бір сауда арқылы бірден 30 000 бонус алуға болады.
• Егер бәрін дұрыс жасасаңыз, банк сізге кемінде 32% бонус береді (төменде «бонустар қалай есептеледі» деген бөлім бар, сонда неге 30%-дан көп екені туралы айтылған).
Пайдалы ақпарат: Apple Pay, Google Pay мен Samsung Pay арқылы төлеу бойынша 👉 бейненұсқаулық. Сондай-ақ: картаны Apple Pay | Google Pay | Samsung Pay- ге қалай байланыстырамыз?
Менде Еуразиялық банк картасы жоқ, қайсысын ашсам болады?
Науқанға төмендегілерден басқа барлық карталар қатысады: корпоративті және бизнес-карталар, сондай-ақ бонустық жүйе қосылмаған карталар: «Payda» кредиттік картасы, «Бөліп төлеуге арналған кредиттік карта», «Евразия» кредиттік картасы, «Евразия» (Moto Google Pay) кредиттік картасы и экокарта
Мысалы, Mastercard Gold (Mastercard World қосымшасында алтын түстес) немесе Visa Gold ашуға болады, оларды шығару мен қызмет көрсету тегін, бірақ ақылы SMS хабарламалары бар (айына 150₸), бірақ оны банк қосымшасында өшіруге болады: картаны басыңыз —> баптаулар —> карта хабарламалары бойынша баптаулар (ашқаннан кейінгі бірінші айда өшіре алмайсыз, екіншісінен бастап өшіруге болады). Немесе байланыс орталығы арқылы өшіруге болады, нөмірлерін қосымшадан табасыз: экранның төменгі оң жағындағы «Қосымша (Тағы, Ещё» батырмасы —> бізбен байланысу —> қоңырау шалу.
Сондай-ақ Автокартаны қарастырып көруге болады (біздегісі осы карта). Оның айырмашылығы — онда «Ойын-сауық 30%», «Авто 4%» жоғарылатылған бонус санаттары автоматты түрде қолжетімді, ал Gold карталарында олардың бірін бонустық санат ретінде таңдау керек. Оны пайдалану екінші жылдан бастап ақылы, бірақ тегін қылуға болады.
Толық ақпарат алу үшін 👉 мына жазбадағы біздің картаға жасаған шолуымызды оқыңыз (әзірге Gold картасына шолу жоқ).
Егер сізде жалақы картасы Еуразиялық банктікі болса, ол науқанға қатысады.
Картаны комиссиясыз қалай толтыруға болады? 👉 мына мақаладағы 1,2,4,5 әдістерді қараңыз.
! Науқанға қатысты аса маңызды кеңестер:
• Егер сізде карта әлі жоқ болса, ал науқан бүгін өтіп жатса, онда сізге Smartbank қосымшасында карталардың бірінің виртуалды нұсқасын ашу керек (App Store мен Play Market-те қолжетімді). Пластик нұсқасын алып үлгермейсіз, себебі оны ашу үшін банк бөлімшесіне бару керек, әрі ол ұзақ уақыт алады.
• Егер картаны жаңадан ашқан болсаңыз, онда сізге міндетті түрде бонустық шотты іске қосу қажет. Онсыз 30% бонус берілмейді. Оны қалай жасау керектігін осы гайдтың FAQ бөлімінен қараңыз (ең соңғысы).
• Егер сізде, мысалы, 500 000₸-лік қомақты сауда болса, ал сіз барлық отбасы мүшелеріне немесе туыстарыңыз / достарыңызға жеке-жеке карта ашып, әрқайсысына 30 000Б алғыңыз келсе, бұл жүзеге аспайтын іс. Банк бұл айла-шарғыны анықтап, бонустар есептемей, әрі ережеге сәйкес өзінің бонустық жүйесінде сізді бұғаттап тастайды. Сондықтан бір сауда үшін тек бір картаны, яғни өз картаңызды пайдаланыңыз.
• Егер сіз 100 000₸ дейінгі ірі көлемде сауда жасасаңыз, түбіртекті міндетті түрде сақтап қойыңыз. Компьютер кездейсоқ ретпен сізді бонустық жүйеде бұғаттап тастауы мүмкін, бірақ қолдау қызметіне хабарласу арқылы жағдайды түзете аласыз. Байланыс нөмірлерін FAQ бөлімінен таба аласыз.
Науқан туралы 26-сы ғана естісеңіз, бұл жолы қатыса алмауыңыз мүмкін екенін естен шығармаңыз. Картаны ашу, оны толтыру, бонустық шотты іске қосу және т.б. әрекеттер барысында қиындықтар туындауы мүмкін. Егер болмай жатса, көңіліңізді түсірмеңіз! Келесі айда міндетті түрде қатыса аласыз.
Ұсыныстар: 26-да не сатып алуға болады
- Егер не сатып алатыныңызды білмесеңіз, мына нұсқаларды қарастырып көрсеңіз болады:
- Кез келген супермаркеттен азық-түлік сатып алыңыз.
- Уақытыңыз болмаса, курьермен POS-терминал арқылы төлем жасай отырып, азық-түлікке онлайн тапсырыс беріңіз (мұндай мүмкіндік Астанада Clever Market-те және Алматы мен Астанадағы Arbuz-да бар).
- Тауарға алдын ала тапсырыс беріп, төлемді 26-шы күні жүргізіңіз (мысалы, Lamoda, Flip).
- Жанармай құю бекеттеріндегі жанармай талондарын немесе жанармай карталарын алыңыз (яғни, картаны сатып алып, оны қажетті көлемдегі бензинге толтырып, кейін сол картамен төлей бересіз). Сондай-ақ M36 бас кеңсесінде де талондар сатып алуға болады. Астана қаласы, Сарыарқа көшесі, 6. Ақпаратты толықтыра алсаңыз, https://t.me/Korgan2004 деп жазыңыз
Маңызды ақпарат: жанармай құю бекеттерінде талондар сатылмайды. 2GIS немесе Google-дан компанияның бас кеңсесін тауып, абоненттік бөлімді сұрайсыз, сол жерден талон бағасын біліп, терминал арқылы төлеуге болады ма деп сұрап, білесіз.
- Автосалонда төлем жасау (көлік сатып алу, қосымша жабдықтарды төлеу, техникалық тексеріс және т.б.).
- Емханадағы емдеу курсын төлеу (мысалы, АСИТ терапия, көздің көру қабілетін жақсарту, кешенді медициналық «Check up»).
- Стоматология қызметтері (тіс емдеу, брекет орнату және т.б.).
- Косметолог қызметтері, лазерлік эпиляция курсы, шугаринг және т.б.
- Сараптамалар мен медициналық процедура төлемдері.
- Психолог сессиясы.
- Жөндеу жұмыстарына дайындық (құрылыс материалдарын, жиһаз сатып алу, аралау, жиһазды жөндеу/орнату қызметтерін төлеу).
- Оқу курстарын, балабақша, университет ақысын төлеу.
- Техника сатып алу: смартфон, ноутбук, теледидар, бойлер, робот шаңсорғыш және т.б.
- Ас үй жабдықтарын, ыдыстарды, пышақтарды, аспаздық жиынтықтарды жаңарту.
- Роутерді жаңарту (әсіресе құрылғыңызға 5 жылдан асып кетсе).
- «Ақылды үй» құрылғыларын алу (мысалы, Яндекс станция, смарт шамдар, смарт шәйнек, розеткалар және т.б.).
- Ортопедиялық матрас, жастық.
- Ауа ылғалдандырғыш.
- Ингалятор (әсіресе балаларыңыз болса).
- Ирригатор.
- Үйге спорттық құрал-жабдықтар алу (кілемше, гантель, турник орнату).
- Маусым емес кезде киім/аяқ киімді сатып алу (маусым емес кезде бағалары тиімді болмақ).
- Туристік жолдамалар.
- Теміржол билеттерін вокзал кассасында төлеу.
- Қонақүй төлемі.
- Зергерлік бұйымдар.
- Дәріханадан дәрілер алу.
- Болашақта барлық жоспарланған саудаңызды/шығындарыңызды 26-сына шегеруге тырысып көріңіз.
- Бағасының қымбаттығына байланысты сатып алудан бас тартып жүрген заттарыңызды, қызметтеріңізді еске түсіріп, соны алуды қарастырып көрсеңіз болады.
Сертификаттар, абонементтер:
- Келесі айдың 26-сына дейін пайдалану үшін Magnum/басқа супермаркет сертификаттарын сатып алу.
- Спортзал абонементі.
- Әуе билеттеріне сертификат (мысалы, AirAstana сату бөлімдерінен).
- Тұрмыстық техника дүкендеріне сертификаттар (Sulpak, Technodom, Alser, iSpace және т.б.).
- Киім дүкендеріне арналған сертификаттар (мысалы, ZARA, DeFacto, Спортмастер, OSTIN, H&M, Qazaq Republic, т.б.)
- Сараптама пакеттеріне немесе номиналды құны бар сертификаттар (мысалы, Invitro, Олимп).
- Косметика дүкендеріне сертификаттар (мысалы, Золотое яблоко, MonAmie, L’Etoile, Французский дом және т.б.).
- HomeLove IKEA сертификаттары (құны 5 000₸ бастап 20 000₸ дейін).
- Flip сертификаты.
- Детский мир сертификаты.
- Дододағы үлкен пиццаға арналған сертификат.
Бонустарды қалай жұмсаймыз?
Бұл үшін біз скриншоттары бар арнайы нұсқаулық жасадық, сілтемеден оқи аласыздар.
Бонустар мен сауданың максималды сомасы қалай есептеледі?
Бонустар келесідей жолмен есептеледі: 30% науқан аясында, 2% байланыссыз төлем үшін. Санаттар үшін, депозит үшін немесе туған күніңізде берілетін қосымша бонустар бар, бірақ негізінен 32% бонус беріледі.
Алуға болатын бонустардың толық тізімі төмендегідей:
- 30% науқан аясында.
- +2% байланыссыз төлем үшін (Apple Pay, Google Pay, Samsung Pay).
- +1% таңдалған санат пен сол санат аясындағы төлем үшін. Автокарта бойынша «Авто» санаты аясында +4%.
- +1% 1,5 млн ₸ басталатын депозитіңіз болса, +2% 5 млн ₸ басталатын депозитіңіз болса. *Қаражат сауда жасалғанға дейін депозитте кемінде 3 жұмыс күні жатса ғана есептеледі.
- +5% транзакция жасалған күні туған күніңіз болса. *Туған күн аясындағы бонустар айлық лимитке кірмейді.
Науқанның бонустық шегіне жету үшін келесі мөлшерде сауда жасау қажет:
Егер бонус пайызы 32% болса — 93 750₸.
Егер бонус пайызы 33% болса (мысалы, +1% санатымен) — 90 909₸.
Егер сізде басқа шарттар болса, мысалы, депозитке, автокөлік санатына және т.б. үшін қосымша бонустарыңыз болса, мына формуланы пайдаланып есептеңіз —
30 000 / 0.[бонустардың жалпы пайызы] = кешбэк берілетін ең жоғары сома.
Мысалы: менде супермаркеттер санаты қосылған және сауданы супермаркетте жасаймын (+1%) және 1,5 млн ₸ басталатын депозитім бар (+1%), байланыссыз төлем (+2%) және науқан (+30%), барлығы = 34% . Формуланы қолдансақ — 30,000 / 0,34 = 88 235₸.
Мен қомақты сауда жасауды жоспарлап отырмын, басқа адамдарға карта ашу арқылы оны бөліп төлей аламын ба?
Мен қомақты сауда жасауды жоспарлап отырмын, басқа адамдарға карта ашу арқылы оны бөліп төлей аламын ба?
Сіздің бонустық шотыңызды бұғаттау ықтималдығы жоғары, себебі сіз осылайша банктің шектеулерін назарға ілмей тұрсыз: карта басқа адамның атына ашылғанымен, ол сауданы өз мүддесі үшін емес, басқа біреудің мүддесі үшін жасайды, осылайша банк лимитін айналып өтуге тырысады. Мұндай әрекеттер бонустық бағдарламаны асыра пайдалану болып саналады. Шотыңызды бұғаттан шығару үшін банкке хабарлассаңыз болады, бірақ бұл өтінішіңізді қанағаттандырулары екіталай.
Мені бонустық жүйеде бұғаттап тастаса не істеуім керек?
Бұл сіздің саудаңызды күдікті деп ойлағандықтан орын алған болуы мүмкін. Егер сіз барлық түбіртектермен және сауда жасағаныңыз жайлы дәлелдермен банк бөлімшесіне өтініш жазсаңыз, ал олар сіздің транзакцияларыңызға күмән келтірмесе, банк сіздің бонустық шотыңызды бұғаттан шығарады.
Банкпен қалай байланысамын?
Банктің WhatsApp чаты сілтемеде.
Банктің байланыс нөмірлерін қосымшадан табуға болады: экранның төменгі оң жағындағы «Қосымша (Тағы, Ещё» батырмасы —> бізбен байланысу —> қоңырау шалу.
Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар
Бонус шотын қалай іске қосуға болады? Ол үшін кез келген POS терминалында кез келген сомаға (500₸-ден басталғаны дұрыс) төлем жасаңыз. Apple Pay, Google Pay немесе Samsung Pay арқылы төлеуге болады. Дұрысы, нақты сенімді болуы үшін осындай 2-3 шағын сауда жасау. Содан кейін бонус шоты автоматты түрде ашылуы керек.
Неге бұлай? Себебі, егер сіз картаны жаңа ғана ашсаңыз, онда сіздің бонустық мәлімдемеңізде ешқандай ақпарат болмайды (сәйкесінше сіз бонустық шоттың ашылғанын-ашылмағанын білмейсіз). Тиісінше, сіз 30% бонус науқанына қатысатын-қатыспайтыныңызды білмейсіз.
Бонус шотының ашылғанын қайдан білуге болады? Әдетте сатып алу сомасы блоктан шыққанша 1-ден 4 күнге дейін күту керек. Шот ашылған кезде қосымшадағы бонустар бетінде «0,0» бонустық теңгерімі көрсетіледі, сонда сүйікті санатыңызды таңдай аласыз, алашылмаса, сізге карта ашу немесе сауда жасау ұсынылады.
Сондай-ақ банкке қоңырау шалып, бонустық шоттың ашылғанын немесе ашылмағанын білуге болады. Нөмірлерді қосымшадан табуға болады: экранның төменгі оң жағындағы «Қосымша (Тағы, Ещё» батырмасы —> бізбен байланысу —> қоңырау шалу.
Науқан болатын күні ғана карта ашқандар үшін оқырман оқиғасы: науқан туралы 26 ақпанда естіп, бірден карта аштым. Алдымен POS терминал арқылы алғашқы 500 теңгелік сауда жасадым, сосын жоспарлаған саудамды жасадым. Қосымшадағы бонустар бөлімінде бірінші транзакция да, екінші транзакция да көрсетілмеді, бірақ 4 күннен кейін барлық бонустар есептелді. Сондықтан науқан күні бонустар түспесе де, алаңдамаңыз.
Неге маған бонустар минуспен түсті?
Біріншіден, бұл минус емес, сызықша. Екіншіден, бұл әзірге бұғатталған сома, 5 күннен кейін бұғаттан шығады.
Қандай жағдайларда банк бонустарды бермейді? Пластик картамен сатып алғанда; Қазақстаннан тыс жерде сауда жасағанда; онлайн сауда жасасаңыз (тіпті Apple Pay, Google Pay немесе Samsung Pay арқылы болса да), сонымен қатар:
1) Егер сауда науқанға қатыспайтын МСС кодтар қатарынан болса.
2) Ойын-сауық МСС коды болса (ойын-сауық үшін бонус есептелуі үшін ойын-сауық санатын қосу керек).
*Егер сіз Қазақстандағы әдетте сауда жасалатын жерлерде POS-терминал арқылы төлем жүргізсеңіз, онда науқанға қатыспайтын МСС код болуы мүмкін деп алаңдамасаңыз болады, 99% жағдайда MCC кодтар сәйкес келеді. Жоғарыдағы тізіммен танысып шығып, өзіңіз көз жеткізіңіз. Егер сіз сауда жасағалы тұрған кезде ойын-сауық бойынша MCC тұр деп ойласаңыз, онда ойын-сауық санатын қосыңыз.
Сатып алу саны мен сомасына шектеу бар ма? Сауда саны мен сомасына шектеу жоқ, бірақ бонус шегі бар — 30 000Б.
Бонустар қашан есептеледі? Бонустар 5 күнтізбелік күннен кейін есептеледі.
Науқандық бонустар қатардағы бонустармен және санаттық бонустармен қосылады ма? Иә, тек «ойын-сауық» санатынан басқа, науқан аясында ойын сауық санатындағы бонустар қосылмайды. Бонустардың қалай қосылатыны бойынша мысал: байланыссыз төлем үшін 2%, депозит бар болғаны үшін 1-2% (1,5 млн және 5 млн ₸ бастап), санат үшін 1% (мысалы, киім мен аяқ киім), науқан бойынша 30%. Жалпы: 35%, егер сіз өз санатыңыз бойынша сауда жасасаңыз және 5 млн ₸ басталатын депозитіңіз болса. Егер сіздің туған күніңіз 26-сы болса және саудағы туған күніңізде жасасаңыз, тағы 5% бонус қосылады (туған күн бонустары айлық лимитке кірмейді).
____ үшін бонустар есептеледі ме? Қазақстандағы POS терминалдар арқылы Apple Pay, Google Pay, Samsung Pay-мен жасалған барлық төлемдер үшін бонус есептеледі, мына төлемдерден басқа:
1) банктің науқанға қатыспайтын МСС кодтары.
2) интернеттегі төлем (тіпті Apple Pay, Google Pay немесе Samsung Pay арқылы болса да).
3) Ойын-сауық МСС кодтары (ойын-сауық бойынша бонус есептелуі үшін ойын-сауық санаты қосулы болуы керек).
5) терминалдан Apple Pay, Google Pay немесе Samsung Pay арқылы жасалмаған төлемдер.
*Егер сіз әдетте сауда жасалатын жерлерде POS-терминал арқылы төлем жүргізсеңіз, онда науқанға қатыспайтын МСС код болуы мүмкін деп алаңдамасаңыз болады, 99% жағдайда MCC кодтар сәйкес келеді. Жоғарыдағы тізіммен танысып шығып, өзіңіз көз жеткізіңіз. Егер сіз сауда жасағалы тұрған кезде ойын-сауық бойынша MCC тұр деп ойласаңыз, онда ойын-сауық санатын қосыңыз.
Ұялы байланыс дүкенінен (Activ, Belline, Kcell және т.б.) смартфон сатып алғаным үшін бонустар беріледі ме? Жоқ, себебі бұл операция банктегі науқанға қатыспайтын сауда тізімінде бар, смартфон сатып алғаныңызға бонустар алу үшін оны техника дүкеннен сатып алу керек. Мысалы смартфонды Технодом немесе Сулпак сияқты техника дүкендерінен алсаңыз, бонус есептеледі.
Ұялы байланыс немесе коммуналдық қызметтерді төлеу кезінде бонустар беріледі ме? Жоқ, өйткені бұл операциялар банктегі науқанға қатыспайтын төлемдер тізімінде бар.
Wildberries, OZON, Pinduoduo, Amazon-нан жасалған сауда үшін бонустар есептеледі ме? Жоқ, бастапқыда айтылғандай, онлайн сауда науқанға қатыспайды.
Интернеттегі сауда үшін бонустар беріледі ме? Жоқ (тіпті Apple Pay, Google Pay немесе Samsung Pay арқылы болса да).
Мен қомақты сауда жасауды жоспарлап отырмын, басқа адамдарға карта ашу арқылы оны бөліп төлей аламын ба?
Сіздің бонустық шотыңызды бұғаттау ықтималдығы жоғары, себебі сіз осылайша банктің шектеулерін назарға ілмей тұрсыз: карта басқа адамның атына ашылғанымен, ол сауданы өз мүддесі үшін емес, басқа біреудің мүддесі үшін жасайды, осылайша банк лимитін айналып өтуге тырысады. Мұндай әрекеттер бонустық бағдарламаны асыра пайдалану болып саналады. Шотыңызды бұғаттан шығару үшін банкке хабарлассаңыз болады, бірақ бұл өтінішіңізді қанағаттандырулары екіталай.
Мен Қазақстандағы POS-терминалдан Apple Pay, Google Pay, Samsung Pay арқылы сауда жасадым, бірақ маған бонустар есептелмеді. Банкке өтініш қалдырып, Apple Pay, Google Pay, Samsung Pay әмияныңыздағы транзакция тарихыннан саудаңыздың дәлелін көрсетіңіз. Егер бәрі дұрыс болса, банк сізге бонустарды есептеп береді. Өтінішті сілтеме арқылы WhatsApp чатта, егер сілтеме жұмыс істемесе, +7 (777) 000 77-22, сондай-ақ телефон арқылы немесе банк бөлімшесіне барып, қалдыруға болады.
Неге мені бонустық жүйеде бұғаттап тастады? Бұл сіздің саудаңызды күдікті деп ойлағандықтан орын алған болуы мүмкін. Егер сіз барлық түбіртектермен және сауда жасағаныңыз жайлы дәлелдермен банк бөлімшесіне өтініш жазсаңыз, ал олар сіздің транзакцияларыңызға күмән келтірмесе, банк сіздің бонустық шотыңызды бұғаттан шығарады.
Науқанның толық шарттары сілтемеде.
Бонустық бағдарлама шарттары сілтемеде.