Жеке тұлғалар не компаниялар алдындағы қарыз
Заңды немесе жеке тұлғалар алдында қарыздарыңыз болса, онда олар туралы мәліметтерді қосу керек. Есепке қосу үшін қарыз нотариалды куәландырылған болуы керек. Бұл декларацияны тапсырмас бұрын жасау керек. Егер сіз биыл 250 нысанды декларацияны тапсыратын болсаңыз, қарыздарыңызды 2024 жылдың 15 қыркүйегіне дейін нотариалды куәландырып үлгеруіңіз керек. Үлгермесеңіз, бұл бөлімге өзгертулер енгізе алмайсыз.
Алайда, егер несиені немесе қарызды нотариалды куәландыруға мүмкіндігіңіз болмаса немесе 15 қыркүйекке дейін үлгермесеңіз, оны қолма-қол ақша түрінде көрсетуге болады. Мысалы, сіз Ермек деген досыңызға 300 000₸ қарызсыз делік. Ол бұл ақшаны өзінің декларациясында қолма-қол ақша бөлімінде көрсете алады. Сіз оған ақшаны қайтарған кезде, онсыз да солай болмақ. Алайда биылғы декларацияда былтырғы қарыздарымызды көрсететінімізді ұмытпаңыздар. Қарызды биыл алсаңыз, оны келесі жылы ғана көрсету керек болады.
Кімнің алдындағы қарыздарды көрсетудің қажеті жоқ:
2. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ
3. «Экспресс Финанс» ипотекалық ұйымы» АҚ
5. «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ
7. «ҚР Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясы» АҚ (бұрынғы атауы – «ҚР Ұлттық Банкінің Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі)
Егер директор мен ЖШС арасында қаржылық көмек туралы келісім болса, оны көрсету керек пе?
Менің ЖШС бар және оның қызметі аясында басқа ЖШС-теріне қарыздарым бар, оларды декларациялауым керек пе?
Қарызда микроқаржы ұйымынан алынған несиені көрсету қажет пе?
Мен қарызға ақша алдым. Оны декларацияда көрсетуім керек пе?
Иә. Декларацияда сіз қарыз алған тұлға немесе ұйым туралы ақпарат пен сомасын көрсетуіңіз керек. Оны нотариалды растау қажет.
Дебиторлық берешек туралы алып қарасақ ше? ҚР-дағы ЖШС құрылтайшысы Ресей азаматы, ол Ресейде бола тұра Ресейдің басқа азаматына қолхатпен ресімделген ақшаны қарызға берген. Оны қай елдің нотариусы арқылы куәландыруы керек?
Бейрезиденттер активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсырудан босатылады (250.00-нысан).
Егер сізде қандай да бір сұрақ туындаса, төмендегі деректер бойынша жүгініп, жауап ала аласыз:
- 1414 нөмірі бойынша
- Мына сайтта әр қала бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының деректері көрсетілген
- Жалпыға бірдей декларацияға арналған Мемлекеттік кірістер комитетінің чатында