January 11, 2024

Телефонның зияны

Бастаған ісіңді соңына дейін жеткізбеу, жарты жолда тастап кету, зейініңді бір фокуста ұстап тұра алмау, прокрастинация, дофаминнің сарқылуы, бақытыңды жоғалту, депрессия, серотониннің жеткіліксіз бөлінуі, өмірдің сұрғылт көрінуі, қойған мақсаттарына жете алмау және т.б. Осылардың бәрі телефонның кесірінен десем сенесіз бе?

Менде СДВГ

Міне, шамамен 2 апта көлемі болды күресіп жүргеніме. СДВГ (синдром дефицита внимания и гиперактивности) - зейін қоюдың қиындауы, бақыланбайтын импульсивтілік және шеттен тыс гиперактивтілік деген сияқты симптомдармен байқалатын синдром. Яғни, бір нәрсеге толығымен концентрация қойып отыра алмау. Қазір оны клиптық санамен байланыстырады. Тик ток, рилз, шортс деген сияқты минутқа жетпес бейнебаяндар көруден адамды осы синдром пайда болады-мыс.

https://vm.tiktok.com/ZM6Hmcobp/

СДВГ-ға мысал☝️


Ол шын. Клиптық сана өз кезегінде үлкен тәуелділікке алып келеді. Информациялық тәуелділік наркоманиядан кем түспейді. Үстіде аталып кеткен салдарлар осы информациялық тәуелділіктен пайда болады. Неге бұлай?

Адам белгілі бір өзіне пайдасын тигізетін затқа дофамин д.с рахат және бақыт гормондарын бөледі. Мақсаты сол затты қайта қайталау үшін, қайталауға ынтасы болу үшін. Бірақ біздің миымыз тәуелділіктің алдың алу үшін (ал жиі қайталанатын нәрсе ақыр соңы тәуелділікке алып келеді) қайта-қайта қайталанудан бағанағы айтқан гормондардын бөлінуін тежейді. Бірақ, біз онымен тоқтаймыз ба? Рахат сезімін компенсировать ету үшін адам сол затты белсенді түрде қабылдай бастайды. Алайда, ешқандай нәтижеге жетпейді. Естілікті қоспаса адам аса ауыр тәуелділікке тап болады.

Ақпараттық тәуелділіктің ең ауыр тұсы - адамның продуктивтілігі жоғалады. Ондай адам ештенеден рақат алмайды, оны ештене таңғалдырмайды. Адамда мотивация пайда болу өте қиын процесске айналады. Жалпы адамның функционалдығына кері әсер етеді.

Сол себепті, Европаның көптеген мектептерінде және біздің де элиталық лицей мектептерінде балаларға бүкіл сабақ күнінде телефон қолдануға тиым салынған. Яғни, бала тек сабақтан тыс уақытта ғана, не мүлдем телефон қолданбайды. Бұл бекерден бекер қабылданып отырған шара емес.

Жүргізілген зерттеулер бойынша кішкентай кезінен телефон көп қарайтын бала тәуелділікке, яғни, құмар ойындарға, наркоманияға, темекі және спирттік өнімдерге бейім болады. Және СДВГ синдромының пайда болуы әбден мүмкін. Бала үлкен өмірге қадам басар кезде өте қиын жағдайға тап болады.

Біріншіден, оның сабақ үлгерімі төмендейді. Себебі, бір нәрсеге зейін қою оған қиын.

Екіншіден, социалды байланыстар орнатуда да бала керемет бір жетістікке жете қоймайды. Ол коммуникацияға бейімсіз болып келеді, сонын кесірінен ол психологиялық зардап шегеді, даму процессі орнымен жүрмейтін болады.

Үшіншіден, жұмыс өмірінде тұрақтылық болмайды. Жұмысты да зейін қойып істемейді, бір жұмысты ұстап қалу оған қиынға соғатын болады. Алаңдататын факторлар кп болғандықтан басқаларынан қарағанда аз жұмыс істеп, тез шаршайтын болады.

Мен СДВГмен қалай күресіп жүрмін?

  • Өз-өзімнен есеп аламын. Әр күнгі телефонға кеткен уақытымды жазып, Экзельде график тұрғызамын. Сүйтіп анализ жасаймын.
  • Арасында цифрлық аштық ұстаймын. Яғни, телефон, ноутбук, телевизор деген пәлелерді күні бойы мүлдем қарамаймын.
  • Бос отырмауға тырысамын.
  • Мақсаттарымды саралап отырамын. Әрдайым дедлайнмен жұмыс жасауға тырысамын.

Ең бастысы, егерде телефон өміріңізге кедергі жасап жүрсе елемеуге тырыспаңыз.

«Success is the child of audacity»