January 17, 2019

"Үштілде білім беруді іске асыру жағдайындағы жаңа амалдар" тәжірибе бөлісу алаңы

Ағымдағы жылдың 17 қаңтарында «Еңбекшіқазақ ауданы білім басқармасы» ММ «Әдістемелік кабинеті» МКҚК мен «Рахат ауылдық округі №1 орта мектеп» КММ бірлесе аудан аралық мұғалімдер арасында «Үштілде білім беруді іске асыру жағдайындағы жаңа амалдар» атты тәжірибе бөлісу алаңын ұйымдастырды.Тәжірибе бөлісу алаңының  мақсаты: «Үштілді білім беруді іске асыру жағдайындағы жаңа амалдарды ЖМЦ пәндерін оқытуда пайдалану, тиімді әдістерді ұсыну, әдістемелік сүйемелдеу». Семинарда «Ұстаз оқыту орталығының» менторы Т.Ерназаров пен Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің әдіскері З.Тультаева «Үш тілді білім беру жағдайында білім ресурстарының рөлі» атты тақырыпта таныстырылым жасаса, «Рахат ауылдық округі №1 орта мектеп» КММ-нің ЖМЦ пән мұғалімдері Д.Азатқызы, А.Құсман, Е.Нұртай, Қ.Изимбетова өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.