Рахат ауылдық округі №1 орта мектебі
@rahat1
44 posts

Шаңғы тебу байқауы

2019 жылдың 26 қантар күні, «Алматы облысы білім беру мекемелер қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырылуымен Еңбекшіқазақ ауданының білім саласы қызметкерлері арасында шаңғы жарысы ұйымдастырылды. Байқауға «Рахат ауылдық округі №1» орта мектеп» КММ-нің денешынықтыру пән мұғалімі Қанатбек Нартай қатысып, жүлделі 1 орынды иеленді. Құттықтаймыз!!!

Баскетбол жарысы

Ағымдағы жылдың 26 қаңтар күні, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Есік қаласы, Еңбекшіқазақ ауданы В.Терешкова орта мектеп базасында мұғалімдері арасында баскетболдан байқау ұйымдастырылды. Байқауға «Рахат ауылдық округі №1 орта мектеп» КММ-нің денешынықтыру пән мұғалімдері қатысып, жүлделі II –орынды иеленді. Құттықтаймыз!!!

"Жалынды жастар-еліміздің ертеңі" семинар-практикумы

2019 жылы, 25 қаңтар күні «Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімі» ММ, «Рахат ауылдық округі №1 орта мектеп»КММ-нің ұйымдастырылуымен «Жалынды жастар-еліміздің ертеңі» атты облыстық семинар-практикумы өткізілді. Семинар-практикумға облыстық білім дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері А.Торпақова, Еңбекшіқазақ аудандық жастар ресурстық орталық жетекшісі А.Ілебаев, Еңбекшіқазақ аудандық оқу-әдістемелік орталығының әдіскері А.Бухарова қатысып, жас мамандарға өзін-өзі үзбей жетілдіру қажеттілігін қалыптастыру туралы мағлұматтар берді. Семинар-практикумда «Рахат ауылдық округі №1 орта мектеп»КММ-нің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Еділ «Бала тәрбиесіндегі сынып жетекшінің рөлі» атты тәжірибесі мен бөліссе, көркем еңбек пәні мұғалімі...

«Математика, физика, информатика» пәндері бірлестігінің апталығы өтті.

Рахат ауылдық округі №1 орта мектебінде 2019 жылдың 15.01-2.01 күндері аралығында «Математика, физика, информатика» пәндері бірлестігінің апталығы өтті. Апталықтың мақсаты - оқушылардың жаратылыстану пәндері бойынша ойлау өресін дамыту және қызығушылығын арттыру.  Апталықта пән мұғалімдерінің ашық есік күндері және сабақтан тыс іс-шаралар: «Танграмм»,  «Рубик текшесі», «Қолды алмай сыз»,  «Викториналық сұрақтар», «ХХІ ғасыр көшбасшысы»  интелектуалды сайыстары жоғары деңгейде өтті.   Апталықтың қорытындысы бойынша осы іс-шараларға қатысып,  жүлделі орындарға ие  болған  оқушылар марапатталды.

"Шабытты жастар маусымы" КВН ойындары

19 қаңтар, 2019 жылы жастар арасында жайдарман ойынын дамыту, өмірге деген көзқарасын ұлғайту, талантты жастардың шабытын арттыру мақсатында «Рахат ауылдық округі №1 орта мектеп» КММ-де мектепішілік «Шабытты жастар маусымы» атты жайдарман ұйымдастырылды. Жайдарманға 6-9 сынып оқушылары қатысып, өздерінің әзірлеген қызықты әзілкештерін көрсете білді. Жеңімпаз командалар мақтау қағаздарымен марапатталды.

Грек - Рим жарысы

Ағымдағы жылдың 15-17 қаңтар аралығында Талдықорған қаласында орналасқан «Өркен» спорт мектебінің базасында Грек - Рим күресі бойынша Алматы облысы чемпионаты өтті. Аталмыш шараға Еңбекшіқазақ ауданының «Рахат ауылдық округі №1 орта мектеп» КММ-нің 9 «Б» сынып оқушысы Бейсенбай Сержан мен 9 «Ә» сынып оқушысы Өтепберген Қанат қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Жаттықтырушысы: денешынықтыру пәні мұғалімі Батырхан Бауыржан Сержанұлы. Құттықтаймыз!!!

"Үштілде білім беруді іске асыру жағдайындағы жаңа амалдар" тәжірибе бөлісу алаңы

Ағымдағы жылдың 17 қаңтарында «Еңбекшіқазақ ауданы білім басқармасы» ММ «Әдістемелік кабинеті» МКҚК мен «Рахат ауылдық округі №1 орта мектеп» КММ бірлесе аудан аралық мұғалімдер арасында «Үштілде білім беруді іске асыру жағдайындағы жаңа амалдар» атты тәжірибе бөлісу алаңын ұйымдастырды.Тәжірибе бөлісу алаңының мақсаты: «Үштілді білім беруді іске асыру жағдайындағы жаңа амалдарды ЖМЦ пәндерін оқытуда пайдалану, тиімді әдістерді ұсыну, әдістемелік сүйемелдеу». Семинарда «Ұстаз оқыту орталығының» менторы Т.Ерназаров пен Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің әдіскері З.Тультаева «Үш тілді білім беру жағдайында білім ресурстарының рөлі» атты тақырыпта таныстырылым жасаса, «Рахат ауылдық округі №1 орта мектеп» КММ-нің ЖМЦ пән мұғалімдері...

"Үштілде білім беруді іске асыру жағдайындағы жаңа амалдар" тәжірибе бөлісу алаңы

Ағымдағы жылдың 17 қаңтарында «Еңбекшіқазақ ауданы білім басқармасы» ММ «Әдістемелік кабинеті» МКҚК мен «Рахат ауылдық округі №1 орта мектеп» КММ бірлесе аудан аралық мұғалімдер арасында «Үштілде білім беруді іске асыру жағдайындағы жаңа амалдар» атты тәжірибе бөлісу алаңын ұйымдастырды.Тәжірибе бөлісу алаңының мақсаты: «Үштілді білім беруді іске асыру жағдайындағы жаңа амалдарды ЖМЦ пәндерін оқытуда пайдалану, тиімді әдістерді ұсыну, әдістемелік сүйемелдеу». Семинарда «Ұстаз оқыту орталығының» менторы Т.Ерназаров пен Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің әдіскері З.Тультаева «Үш тілді білім беру жағдайында білім ресурстарының рөлі» атты тақырыпта таныстырылым жасаса, «Рахат ауылдық округі №1 орта мектеп» КММ-нің ЖМЦ пән мұғалімдері...

"Жасанды жартасқа өрмелеу" байқауы

16 қаңтар 2019 жылы, Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің ұйымдастырылуымен өткен аудандық жасанды жартасқа өрмелеу жарысына «Рахат ауылдық округі №1 орта мектеп» КММ –нің оқушыларынан құрылған командасы қатысып, жүлделі  I орынды иеленді. Жарайсыңдар! Құттықтаймыз!

"Жарқын болашақ" байқауы

Аудандық білім бөлімінің айлық жоспарына сәйкес, 2019 жылдың 15 қаңтары күні Түрген ауылы, Д.Қонаев атындағы орта мектеп базасында «Жарқын болашақ» XIII Республикалық қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңіне «Рахат ауылдық округі №1 орта мектеп» КММ-нің  6 «А» сынып оқушысы Айдар Ақмарал «Әнші бұлбұлдар» секциясында жүлделі 2 орынды  иеленсе,  6 «А» сынып оқушысы Болат Малика «Жас ғалымдар» секциясына қатысып, «Қазақ поэзиясындағы ақ өлең» атты тақырыпта өлең оқып, жүлделі 2 орынды иеленді. Құттықтаймыз!!!