November 10, 2018
Құқық бұзушылықтың алдын-алу
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды шарттарының бірі. Заңды, әлеуметтік пайдасы бар қызметке және қоғамға шынайы көзқарасын қалыптастырып, жас ұрпақты қылмыстық әрекетке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу заман талабы болғандықтан 9 қараша күні «Рахат ауылдық округі №1 орта мектеп» КММ-де 7-11 сынып оқушыларына Еңбекшіқазақ ауданы АПБ ЮПТ ЖПҚ инспекторы, полиция аға лейтенанты Қасымова Ару Маратқызы мен Рахат ауылдық округі аппаратының жастар ісі-жөніндегі маманы Қуандықов Әсет Қуандықұлымен кездесу ұйымдастырылды.