"Жалынды жастар-еліміздің ертеңі" семинар-практикумы
2019 жылы, 25 қаңтар күні «Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімі» ММ, «Рахат ауылдық округі №1 орта мектеп»КММ-нің ұйымдастырылуымен «Жалынды жастар-еліміздің ертеңі» атты облыстық семинар-практикумы өткізілді. Семинар-практикумға облыстық білім дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері А.Торпақова, Еңбекшіқазақ аудандық жастар ресурстық орталық жетекшісі А.Ілебаев, Еңбекшіқазақ аудандық оқу-әдістемелік орталығының әдіскері А.Бухарова қатысып, жас мамандарға өзін-өзі үзбей жетілдіру қажеттілігін қалыптастыру туралы мағлұматтар берді. Семинар-практикумда «Рахат ауылдық округі №1 орта мектеп»КММ-нің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Еділ «Бала тәрбиесіндегі сынып жетекшінің рөлі» атты тәжірибесі мен бөліссе, көркем еңбек пәні мұғалімі Д.Ералы «Қолөнер-ұрпаққа ұлағат» атты көрме ұйымдастырды. Мектеп әдіскері М.Уракбаева «Неге солай?» бағдарламасын ұсынса, бастауыш сынып мұғалімі Г.Туеханова «Сабақты тиімді жоспарлау мақсатқа жетудің кепілі» атты шеберлік сынып сабағымен бөлісті. Семинар- практикум қорытындысы бойынша қосымша білім беру педагогы А.Есенаманова «Қосымша білім беру ұйымдары оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың тиімді ортасы» атты үйірме жұмыстарына саяхат жасатса, тәрбие ісінің орынбасары Д.Айтбаев пен тарих пәнінің мұғалімі Ш.Батырханның ұйымдастырылуымен «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейіне саяхат жасатты.