January 18, 2019

Грек - Рим жарысы

Ағымдағы жылдың 15-17 қаңтар аралығында Талдықорған қаласында орналасқан «Өркен» спорт мектебінің базасында Грек - Рим күресі бойынша Алматы облысы чемпионаты өтті. Аталмыш шараға Еңбекшіқазақ ауданының «Рахат ауылдық округі №1 орта мектеп» КММ-нің 9 «Б» сынып оқушысы Бейсенбай Сержан мен 9 «Ә» сынып оқушысы Өтепберген Қанат қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Жаттықтырушысы: денешынықтыру пәні мұғалімі Батырхан Бауыржан Сержанұлы. Құттықтаймыз!!!