November 12, 2018

"Жылу сыйла" акциясы

«Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без», - дегендей  «АҒАЛҚА» қоғамдық бірлестігінің жыл сайынғы «Жылу сыйла» акция аясында «Рахат ауылдық округі №1 орта мектеп» КММ –нің көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен 8 отбасына  2 тоннадан көмір берді. Мектеп әкімшілігі және мектеп оқушылары ата-аналарының атынан «АҒАЛҚА» қоғамдық бірлестігінің ұжымына шығармашылық табыс тілей отырып, алғыс білдіреміз!