January 25, 2019

«Математика, физика, информатика» пәндері бірлестігінің апталығы өтті.

Рахат ауылдық округі №1 орта мектебінде 2019 жылдың 15.01-2.01 күндері аралығында «Математика, физика, информатика» пәндері бірлестігінің апталығы өтті. Апталықтың мақсаты - оқушылардың жаратылыстану пәндері бойынша ойлау өресін дамыту және қызығушылығын арттыру.  Апталықта пән мұғалімдерінің ашық есік күндері және сабақтан тыс іс-шаралар: «Танграмм»,  «Рубик текшесі», «Қолды алмай сыз»,  «Викториналық сұрақтар», «ХХІ ғасыр көшбасшысы»  интелектуалды сайыстары жоғары деңгейде өтті.   Апталықтың қорытындысы бойынша осы іс-шараларға қатысып,  жүлделі орындарға ие  болған  оқушылар марапатталды.