Тағдырға иман
وَاِنْ مِنْ شَىْءٍ اِلاَّ عِنْدَنَا خَزَۤائِنُهُ وَمَا نُنَزِّلُهُۤ اِلاَّ بِقَدَرٍ مَعْلُومٍ
وَكُلَّ شَىْءٍ اَحْصَيْنَاهُ فِۤى اِمَامٍ مُبِينٍ
Тағдыр мен жүзи ықтияр (яғни адамның болар
болмас таңдауеркі )тақырыбы дін Ислами һәм Имани мәселелердің ең соңынан келетін, арұжданға қатысты және халжағдайға байланысты имани мәселе болып есептеледі. Мұны ғылыми және теориялық тұрғыдан қарастыруға болмас. Яғни, мүмин барлық нәрсесін, тіпті, іс-әрекетін, жанын Хақ Тағалаға тапсырып, "бәрі соның қолында" дей келе мойнына жүктелген міндет пен жауапкершіліктен қашпауы үшін, оның алдынан жүзи ықтияр шығып: "Жауапкерсің, атқарар міндетің бар" дейді. Сосын, жүзи ықтияр деген өзі болмашы таңдау еркі арқылы болып жатқан жақсылықтарға, кемелдіктерге сеніп мақтанып кетпеуі үшін қарсы алдынан тағдыр шыға келеді де: "Әліңді біл,
жақсылықты жасаған сен емессің" дейді.
Иә, тағдыр мен жүзи ықтияр иман мен дін Исламда ең соңынан
қарастырылатын мәселе дедік. Тағдыр нәпсіні тәкаппарлықтан сақтау
үшін, ал жүзи ықтияр болса нәпсіге жауапкершілік жүктеу үшін иман
мәселелерінің қатарына қосылған. Әйтпесе, қырсық, бірбеткей, жаман
дыққа итермелуші нәпсінің бүлдірген жамандықтарын мойындамай тағ
дырға жаба салу, ал жақсылықтарды өзінің жүзи ықтиярына беріп, игі амалдармен мақтанып, паңдану; әрине тағдыр ұғымына мүлдем керағар,
жүзи ықтияр түсінігіне қарамақайшы әрекет. Бұл ондай қарамақайшы
лық туғызатын ғылыми мәселе еместігін о баста айттық.
Рас, рухани кемелденбеген қарапайым халық арасында тағдырға сенудің
өзіндік орны бар. Ол үмітсіздіктен сақтап, қайғыға төтеп беруге себеп
болады. Яғни, өткен шақ пен бәлежалаға қатысты тағдырды қолдануға
болар. Ал, бірақ күнәға келгенде немесе келешекке қатысты жағдайларда
қолданса ол адамды азғындыққа не болмаса жалқаулыққа салынуына
себеп болатындықтан орынсыз боп есептеледі. Демек, тағдыр мәселесі
адамды жауапкершіліктен, атқаруы тиіс міндеттен босату үшін емес,
керісінше, мақтанудан, тәкаппарлықтан сақтау үшін, иман негіздері боп
саналады. Жүзи ықтиярды жамандықтың көзі ретінде қабылдау керек, ол
сол үшін иман негіздерінің арасына кірген. Әйтпесе, оған жақсылықтың
қайнар көзі деп қараса, ол адамды перғауынға ұқсатып, тәкаппар қылып
жіберуі әбден мүмкін.
Иә, Құранның айтқанындай, пенде жасаған жамандығына толығымен
жауап береді. Өйткені, жамандықты қалаған өзі. Жамандық болса бұзу,
қирату түрінен болғандықтан, пенде бір жамандық арқылы қыруар
бұзықтық жасайды, мысалы, бір шырпымен бір үйді өртеп жіберу секілді.
Сөйтіп өзін ауыр азапқа душар қылады. Алайда, жақсылыққа келгенде
мақтануға ешбір хақысы жоқ. Ол жерде ешқандай рөл ойнамайды десе
болады. Себебі, жақсылықты қалаған және оны қажет еткен де Аллаһтың
рақымы, әрі оны жарататын да Оның құдіреті. Олай болса жақсылықты
қалаған да, жауап берген де һәм қажет қылған да, себеп болған да Хақ
Тағала, яғни, бәрін Аллаһ істеді. Адам тек дұға етіп сұрауымен, иманымен,
парқына барып сезіну арқылы, соған риза болуымен жақсы амал жасаған
болады. Бірақ жамандықты қалаған бәрібір пенденің өз нәпсісі. Мұны ол я
қабілетімен, я қалауымен істейді. Иә, Күннің жарқыраған аппақ нұрынан
кейбір нәрселер қарайып, даттанып, тіпті, кейбіреуі иістеніп кетеді емес
пе! Олардың қарайып, иістеніп кетуі қабілеттеріне байланысты. Сол
сияқты көптеген жақсы нәтижелер беретін ондай жамандықты Иләһи
заңдылықпен жарататын да Хақ Тағаланың өзі. Алайда, оған себеп болу,
Соны қалау нәпсінің ісі. Сондықтан кінәлі сол боп табылады. Ал, Хақ
Тағалаға тиесілі жоқтан бар ету, жарату болса, оның басқа да пайдалы,
жағымды нәтижелері болатындықтан Оның ісі әдемі әрі қайырлы болады.
Міне, осы сырға байланысты, жамандықты жарату жаман емес, оны
кәсіп қылу, шұғылдану жаман.
Егер тағдыр мен жүзи ықтияр туралы сөз қозғаған кісі, өзін әрдайым Аллаһтың алдында екенін сезетін иманы кәміл жан болса, ол әлемді және өзін Хақ Тағалаға тапсырып, бәрін Ол басқарып тұрғанына кәміл сенеді. Сол кезде ғана тағдыр туралы, жүзи ихтияри жайында сөз етуіне болады. Өйткені, ол өзін яғни нәпсісін және барлық нәрсені Хақ Тағаладан деп біледі. Сөйтіп, өзінің жүзи ықтиярынан кө ріп, жауапкершілікті мойнына алады. Оның жамандық атаулыға негіз екен дігін қабылдап Раббысын пәктейді, Аллаһ титтей де зұлымдық жаса майтынына еш күдіктенбейді. Құлшылықтың шегінен аспай, Хақ Тағаланың тәклифін, бұйрықәмірлерін мойындайды. Һәм, өзі арқылы жа салып жатқан жақсылықтарға, кемелдіктерге сеніп мақтанып, дан дайсып кетпеуі үшін тағдырды ойлап, мақтанудың орнына шүкіршілік етеді. Және басына бәле келсе "тағдырымда бар екен" деп сабыр сақтайды.
Егер, тағдыр мен жүзи ықтияр туралы сөз қозғаушы кісі ғапыл яғни
бейқам адам болса, оның тағдыр мен жүзи ықтияр жайында сөз айту
ға хақысы жоқ. Өйткені, оның жүгенсіз нәпсісі ғапылдықтың яки адасушылықтың кесірінен бүкіл әлемді себептерге теліп, Аллаһтың жарат
қандарын оларға бөліп береді. Өзіөзіне қожайын сезінеді, ісәре кеттерін я
"өзім жасадым" дейді я себептерге береді. Ал, жауапкер шілікті, кемшілікті
болса тағдырға жүктей салады. Мұндай кісінің, соңында яғни айналып
келгенде бәрібір Хақ Тағалаға тиесілі жүзи ықтияр туралы айтуы және
істің ақырында ғана қарауға болатын тағдыр мәселесі жайлы сөз етуі
әрине мағынасыз. Бұлай істеу аталған мол хикметтерге мүлдем қарама
қайшы әрекет, ол нәпсінің жауапкершіліктен құтылу үшін ғана жасаған
өзінше айлаәрекеті.
Сөздер-515