Рухтар әлемі
بِاسْمِهِ سُبْحَانَهُ
وَاِنْ مِنْ شَىْءٍ اِلاَّ يُسَبِّحُ بِحَمْدِهِ
Рухтар әлемі ғайып әлемінің тағы бір түрі. Бұл әлем нағыз тіріліктің өзі және оның негізі өзегі болып табылатын рухтарға толы болуы, әлбетте, өткен мен келешек деп аталатын ғайып әлемінің басқа бір түрі және екінші бөлімі де тіріліктің сәулесіне бөленген болуын талап етеді.
Адамға ең қымбат және жоғалтып аламын ба, деп қатты қорқатын асыл заты оның рухы болып табылады. Оны әсте жоғалтпай, еш зиян тигізбей сақтайтын қуатты да сенімді біреу болса соған тапсыру шынымен де зор қуаныш. Соны бүкіл болмысыммен сездім.
Содан адамдардың іс-амалдарын жазып отыратын періштелер ойыма келді. Қарасам дәл манағы жеміс сықылды тәтті екен.
Әр адам өзінің тауып айтқан сөзінің немесе істеген жақсы амалының мәңгі болғанын қалап бар ынтасын салып өлең жазады, немесе таспаға түсіріп алуға тырысады. Әсіресе, жасаған амалы жәннатта алдынан шығатын сауапты амал болса одан бетер мән берді. Енді, «Кирамин Катибин» дейтін періштелер адамның иықтарында отырып амалдарын мәңгі көрмеде көрсету үшін әрі иесіне мол сауап, әрдайымғы сый-сияпат бергізу үшін үзбей жазып отыратынын ойлаған кезде тәтті күй кешкенімді айтып жеткізе алмаймын.
Мүнкәр мен Нәкірге байланысты. «Ешкім тыс қалмайтыны секілді мен де сөзсіз барамын ғой» деп қабіріме ойша кірдім. Қабірдің іші қараңғы әрі суық әрі тар, мен жалғызбын. Жалғыздықтан, тарлықтан қысылып, үрейленіп, үмітсіздік бір тараптан қысып зәремді ұшырды. Кенет Мүнкәр Нәкір дейтін сұрақ қоятын періштелер шыға келді. Арамызда сұрақ, жауап болды. Көкірегіммен бірге қабірім кеңейіп, бір жақтан жарық, жылу келді. Рухтар әлеміне терезелер ашылды. Мен қазір ойша болып жатқан ал, келешекте іс жүзінде болатын бұл жағдайға жан тәніммен риза болып, қатты қуандым әрі шүкір еттім.
Қияметтің құбылыстарынан бақи әруақтар әсер ала ма?
Жауап. Дәрежесіне қарай әсер алады. Періштелердің Аллаһтың қаһарының көріністерінен өздерінше әсерлетіні секілді әсер алады. Мысалға, жылы жерде тұрған кісінің сырттағы қарлы боранда дірдектеп жүргендерді көргенде, ақылы мен сезімдерінің әсер алатыны секілді. Солай да, түйсік иелері болған бақи әруақтар ғаламмен байланыста болғандықтан ғаламның ұлы құбылыстарынан дәрежелеріне қарай әсер алады. Азапқа тартылатындар қайғы шегеді, бақытқа бөленетіндер таңданыспен қайран қалады. Тіпті, бір жағынан алғанда сүйіншілейтін хабар алғандай әсер алатыны Құранда ишара етілген. Құран Хаким қияметтің ғажайыптарын үнемі қорқынышты етіп айтады. «Көресіңдер» дейді. Ал оны адами денемен көретіндер қияметке жеткендер ғана. Демек, қабірде денелері шіріп кеткен әруақтар да, Құранның сол қорқытуынан өз үлестерін алады.
سُبْحَانَكَ لاَ عِلْمَ لَنَۤا اِلاَّ مَا عَلَّمْتَنَا اِنَّكَ اَنْتَ الْعَلِيمُ الْحَكِيمُ
29-сөз