December 27, 2019

Хазіреті Адамның (а.с.) Жәннаттан шығарылуы және Адам баласының бір бөлігінің Жәһаннамға түсуінің қандай хикмет, сыры бар?

Жауабы: Хикметі Адамға белгілі бір міндет, уәзипа жүктелгендігінде. Адамға жауапкершілігі мол ерекше міндет жүктеліп, арнайы қызметпен жер бетіне жіберілген. Адамзаттың бүкіл рухани кемелденуі мен қабілеттерінің түгелдей ашылуы, көрініс табуы, адам болмысының мәнісі, Иләһи көркем есімдерге толық айна болуы, сол уазипа, сол міндетке тікелей байланысты, соның нәтижесі. Егер Адам Ата Жәннаттан шықпай мәңгі қалған болса, онда Ол періште секілді бір қалыпты күй кешіп, адамның зор қабілеттері ашылмай қалар еді. Ал, үнемі тұрақты жағдайдағы періштелер көп, ондай құлшылық үшін адамға қажеттілік жоқ. Шексіз мәртебелерге көтеріле алатын адамзаттың қабілетіне сай бір жер қажет болғандықтан, Иләһи хикмет болмысы періштелерге ұқсамайтын адамға өзіне сай белгілі бір күнә арқылы жұмақтан шығарды. Олай болса, Адам Атаның Жәннаттан шығарылуында шынайы хикмет пен мейірім болғаны секілді, кәпірлердің де Жәһаннамға түсуі өте орынды және әділдік.

Оныншы Сөздің Үшінші Ишарасында былай делінген еді: Кәпір қысқа өмірінде азғантай күнә жасағанымен, ол күнә аса ауыр қылмыс боп саналады. Өйткені, күпірлік, бүкіл жаратылысты қорлау, қадірін түсіру және бүкіл жаратылыстың бір Аллаһқа куәлік етуін жоққа шығару болып табылады. Бүкіл әлемде көрініп тұрған Иләһи Есімдердің ғажайып шағылыстарын бекерге шығарып, кемсіту. Жаратылыстың ақысын жеген кәпірден олардың есесін қайтару мақсатында бүкіл әлемнің сұлтаны Қаһһар-ы Зүлжәлал кәпірлерді мәңгілік жәһаннаммен жазалауы өте орынды және асқан әділдік. Өйткені, шексіз қылмыс, шексіз азапқа лайық.

12мектуп,1-сұрақ