Қалайша пенделердің түкке тұрмайтын іс-әрекеттері мен күнәлары бүкіл әлемнің ашуын келтіруі мүмкін?
Жауап: Алдыңғы рисалелер мен ишараларда қайталап айтқанымыздай,
күпірлік пен адасушылық, өте үлкен зұлымдық, ол бүкіл әлемге қарсы
жасалған жауыздық. Өйткені, жаратылыстың ең үлкен нәтижесі Иләһи
Рубубиетке яғни Аллаһқа иман келтіріп, оған мойынұсыну, құлшылық ету.
Алайда, адасқандар мен кәпірлер, өзінің күпірлік ниетімен жаратылыстың
мақсаты мен себебін яғни құлшылықты жоққа шығарғандығы үшін бүкіл
жаратылыстың ақысын жеген болады, әрі бүкіл жараталыстың айналарында
жарқырап көрінетін Иләһи Көркем Есімдердің әсем көріністерін жоққа
шығарады. Сөйтіп болмыс атаулының қадір-қасиетін түсіріп, намысын
қорлаған болады яғни ауыр қылмыс, үлкен күнә жасайды. Және әрбір
жаратылыстың жаратылуындағы ұлы мақсатын білмей әрі олар Раббани
қызметші дәрежесінде мерейі үстем, құрметті екенін елемей, оларды
мағынасыз, босқа тіршілік етіп, сосын мәңгіге жоқ болып кететін мақсатсыз
мақұлық деп қадірін түсіріп қорлайды.
Міне, адасқан кәпірлер қырсығып, дүниенің жаратылуындағы Раббани
хикмет пен бүкіл әлемдегі Сүбхани мақсатты жоққа шығарғаны үшін,
айналадағы жаратылыс түгел ашуланады, болмыс біткен наразылық
танытады.
Уа, болмысы кішкентай бола тұра зұлымдығы зор, салмағы жеңіл,
күнәсі ауыр бейшара адам! Жаратылыстың ашуынан, болмыс біткеннің
наразылығынан құтылғың келсе, оның жалғыз жолы; Құран Хакимнің
қасиетті алаңына кіріп, оны оқу және оны өзіне мықты қорғаныс қылу! Және
Құранның нағыз аудармашысы Ардақты Пайғамбарымыз Алейһиссалату
Уассаламның көркем сүннетін ұстану! Одан мықтап ұста, толық мойынсұн!
Лемалар-81 бет