Әл-і Бәйтті жақсы көруді Құран бұйырады. Хазреті Пайғамбар Алейһиссалату Уәссалам да ол туралы көп айтқан. Ендеше олардың махаббаты үзір саналып, кешірім болмас па екен?
Жауабы: Жалпы махаббат қылу, яғни қатты жақсы көру екі түрлі болады.
Бірі: Мағына-и харфи, яғни Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссалам үшін, Хақ Тағаланың атынан, Хазреті Али мен Хасанды, Хусейнді және Әл-і Бәйтті сүю. Мұндай махаббат Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссаламға деген махаббатты арттырады. Аллаһқа деген сүйіспеншілікке себеп болады. Бұл махаббаттың жөні бөлек, асыра сілтенсе де зияны жоқ, шектен шықпайды, өзгелерді жамандауға, дұшпан болуға итермейді.
Екіншісі: Мағына-и исми, яғни тікелей өзін сүю. Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед Алейhиссалату Уәссаламды ойламастан Хазреті Алидің жеке басының қаhармандығын, кемел қасиеттерін және Хазреті Хасан мен Хусейіннің жоғары дәрежесін, ерекшеліктерін жақсы көреді. Тіпті, Аллаhты білмесе де, Пайғамбарды танымаса да оларды қатты жақсы көріп, ынтық болады. Мұндай сүйіспеншілік Расулуллаһ Алейhиссалату Уәссаламның және Хақ Тағаланың махаббатына қатысы жоқ. Әрі егер шамадан тыс артық кетсе басқаларды жамандап, ренжітіп, дұшпандық қылады.