Иман
October 18, 2021

Хашір Туралы

[Хашірге иманның көптеген рухани пайдаларынан және өмірдегі көрініс нәтижелерінен бір ғана маңызды нәтижесі қысқаша баяндал­ мақ. Оның адамның жеке өміріне, әсіресе қоғамдық өміріне аса қажеттілігін, тіпті ауадай керек екендігін дәлелдейтін өте күшті айғақтары бар.]

Ақыретке сенім, хашірге наным қоғамдық өмірдің және жеке өмірдің іргетасын қалайтынын, адамзаттың бақытқа қол жеткізу мен кемелденудің бірден­бір жолы екендігінің жүздеген дәлелдерінен мысал ретінде төрт дәлел ұсынамыз.

Бірінші дәлел: Адамзаттың жартысын жас өспірімдер құрайды. Олар
өздеріне тым қорқынышты көрінетін қайғылы қазаларға қарсы тек Жәннат
ұғымы арқылы ғана төтеп береді. Осылайша олардың тым әлсіз әрі нәзік
болмыстары әлгіндей соққыға рухани төзімділік танытады. Әрнәрсеге тез
сағы сынатын қорғансыз да нәзік көңілдері, Жәннат ұғымымен үміттеніп,
шат өмір сүреді. Мысалы, олар: "Менің кішкентай інім немесе досым
қайтыс болды. Ол енді Жәннаттың бір құсына айналды. Ол жерде
самғап, сайрандап жүр. Бізден әлдеқайда рахат өмір сүруде," – деп,
Жәннат ұғымымен көңілін жұбатады. Әйтпесе, күнделікті маңайында
болып жатқан өзі сияқты балалар мен қарттардың қайғылы қазалары әлгі
бейшараның үрейін ұшырып, көңілін қалдырып, әлемін астан­кестен етер
еді. Тек көзін ғана емес рух, жүрек, ақыл­ес секілді сезімдерін де қоса
жылатып, мұңлыққа немесе диуана бір хайуанға айналдырып жіберер еді.

Екінші дәлел: Адамзаттың бір тұрғыдан алғанда жартысын қарттар
құрайды. Олар бауыр басып қалған дүниелерінің көп кешікпей өшіп,
қараң қалатынын ойлап, тынысы тарылғанда тек о дүниелік өмірді ойлау
арқылы ғана көңілі жай тауып өзін жұбатады. Сонда ғана жақын қалған
қабіріне үрейленіп емес, сабырлылықпен, байыппен қарайды. Сәби
тәрізді нәзік рухтары мен морт сынғыш көңілдері ажалды, айырылысуды
ойлап, қайғырып үмітсіздікке түсер сәтте, мәңгілік өмір, ақырет үмітімен
қуаттанып, қажыр­қайрат табады. Әйтпесе, әлгі ардақты да аяулы, жан
тыныштығына тым мұқтаж, уайымшыл қариялардың көңілдері құлазып,
рухани азап шегіп мына дүние оларға тар зындан, өмір сүру деген жан
төзгісіз тозақ болар еді.

Үшінші дәлел: Жастар – қоғамдық өмірдің тірегі. Олардың бойындағы
алып ұшқан көңілдерін, нәпсі мен әуесқой сезімдерін бұзақылықтан тежеуге
Жәhаннамнан қорқу сезімізор ықпал етеді. Егер де олар Жәhаннамнан қорықпаса, "Кім күшті болса, соныкі дұрыс" деген зұлымдықтың заңы
орнап, жастар бейшара әлсіздер мен дәрменсіздерге күн көрсетпей дүниені
тозаққа, адамгершілікті хайуандыққа айналдырар еді.

Төртінші дәлел: Қоғамдағы ең қызу ұйым, негізгі күш, дүниеуи
жәннат, бірден­бір қорған – әр адамның өз отбасы. Ол әркімнің өзіндік
дүниесі. Отбасының жақсы тұрмыс­тіршілігі мен бақыты, өзара адалдық,
сыйластық, мейірбандық, жанкештілік болғанда ғана орнайды. Ал шы­
найы сыйластық пен мейірбандық сезім, мәңгіге жалғасатын достық,
серік тестік сондай­ақ, мәңгілік өмірдегі әкелік, перзенттік, жұбайылық
секілді қарым­қатынас мәңгі жалғаса береді деген ұғыммен ғана іске аспақ.
Мәселен, "Менің жұбайым – о дүниедегі мәңгілік өмірде де айрылмас
сері гім болады. Әзірге қартайып жүзінен көркі тайған екен, оқасы жоқ.
Ақыретте өзіне қайта оралатын мәңгі сұлу көркі бар. Осындай мәңгі
жұбайлықтың құрметіне қандай да болсын жанкештілікке дайынмын,
рақымшылық етемін" – деп әлгі қартаң әйелін хор қызындай көріп, ма­
хаб баты мен жанашырлығы, сыйластығы арта түседі. Әйтпесе, қып­қыс­
қа жалған ғұмырдың өтуімен, сүйікті жұбайымен мәңгіге қоштасумен
аяқ талып, қайта оралмайтын жұбайылық серіктестік өмір тым баянсыз.
Ондай өткінші неке өзінің мағынауи құндылығын жойып, хайуан секілді
өзі тектес болғаны үшін ғана уақытша жанашырлық танытатын күйге
түсірер еді. Жануарға тән жеке басының пайдасы немесе басқа да жабайы
сезімдерге беріліп адами қасиеттен айырылып, әлгі дүниеуи жәннат
отаудың шырқы бұзылып жәhаннамға айналып кетуі әбден мүмкін.

Көріп отырсыздар, хашірге деген сенімнің жүздеген нәтижелерінің
біреуінің өзі адам баласының қоғамдық өміріне ықпалы зор, пайдасы мол
екен. Демек, осындай пайдалы нәтижелердің жүздеген тиімді жақ тары
мен оның қыр­сырын жоғарыда айтылған төрт дәлелдеменің негі зінде
қарайтын болсақ, хашірдің ақиқат екендігін және оның жүзеге асатын­
дығы адамгершілік деген ұғымның ақиқатындай анық екендігі, сондай­ақ
оның талап­шарттары секілді күмәнсіз екендігі белгілі болады. Қарынның
ашығуы тағамның бар екенін дәлелдегендей, хашірдің жүзеге асуы одан
да анық.

Егер хашір ақиқатының пайдалары мен нәтижелері адамгершілік
қағида ларының қатарына енбесе, аса маңызды әрі күрделі, жоғары
дәрежедегі өміршең адамгершілік дейтін құтты ұғым микроб дорбасына
айналып, мәнін жойған болар еді. Қоғамды басқару және адамзаттың
мінез­құлқымен, сондай­ақ, әлеуметтік өмірімен тікелей айналысатын
әлеуметтанушылар мен қоғам қайраткерлері, саясатшылар, тәрбиеші ма­
мандар бұған не дер екен?! Мына бос алаңқайды немен толтырар екен?
Осы бір ауыр дертті емдей алар ма?