Мағынасын Сүю (Manayı-i Harfi/Manay-i İsmi)
Дүниені және ондағы жаратылысты есімдік мағынасымен емес, әріптік мағынасымен сүй. Яғни "Қандай тамаша жаратылған!?" деп айт! "Қандай тамаша!" деп айтпағын. Жүрегіңе өзге махаббаттардың орнауына жол берме! Себебі жүректің іші, тұнық жері Самедтің айнасы, тек оған тиесілі.
اَللّٰهُمَّ ارْزُقْنَا حُبَّكَ وَ حُبَّ مَا يُقَرِّبُنَا اِلَيْكَ деп айт. Сонымен, жоғарыда айтып өткен махаббаттар суреттегеніміздей болатын болса, әрі өкінішсіз, әрі ләззатты болып, Аллаhқа деген махаббатты арттыра түседі. Һәм орынды махаббат болып табылады. Һәм ләззаты
мол шүкір, hәм сүйіспеншілікке толы пікір.
Мысалы: жоғары мәртебелі патша саған бір алма сыйласа, (Сілтеме)
бұл алмада екі махаббат және онда екі ләззат бар. Біріншісі: тәтті алма
болғандықтан, жақсы көресің, алмаға тән ләззаты да бар. Бұл махаббаттың
патшаға қатысы жоқ. Алманы жеген адам патшаны емес, алманы жақсы
көреді. Сыйлаушы патшаны ұмыттырады. Кейде патша ондай нәпсіқұмар
махаббатты ұнатпай, одан жиіркенеді. Әрі алманың дәмі өткінші болған
дықтан, ләззаты қашып, өкініш қалдырады. Екіншісі: Алма арқылы көрініс тапқан оны сыйлаушы патшаға деген махаббат. "Үлкен ілтипаттың
белгісі" деп, алманы басына көтерген адам Патшаға деген сүйіспеншілігін
де көрсетеді. Патша ілтипатының белгісі болғандықтан, бір алма мың
алмадан да артық тәтті ләззат қалдырады.
Сол секілді барлық нығметтер мен жемістерді тек дүниеуи жағынан
бағалайтын болсақ, мұндай сүйіспеншілік нәпсіқұмарлық. Ондағы ләз
заттар да өткінші әрі өкінішті. Егер Аллаhтың мейірімділік ілтипаты мен
жарылқауының жемістері ретінде сүйсе, сыйсыяпат пен жарылқауларының
ілтипат дәрежесінің қадірін түсіну арқылы тәбеті ашылып, ләззат алса,
онда әрі рухани шүкір, әрі өкінішсіз ләззат болып табылады.
Сілтеме. Баяғы бір заманда екі ру басы патшаның алдына келіпті. Жоғарыдағы мысалды айтылған жағдай шынында да болған екен.
/Отыз екінші сөздің үшінші тарауы, ЕКІНШІ НОҚТА, ЕКІНШІ БӨЛІМ, ЕКІНШІ НҮКТЕ/