Мираж сыры
Біреулер былай деп сұрап жатады: Аллаһ Тағала бәріне бәрінен де жақын. Материядан ада, белгілі бір мекені жоқ. Әрбір әулие жүрегіне үңілсе Онымен көрісе алады. Неліктен уәләиеті Ахмедие (с.а.у) яғни Ахмедтің (с.а.у) әулиелік халі турашыға салмай, миғраж секілді ұзақ саяхат жасап барып кездесті. Алайда,барлық әулие жүрегі арқылы қолы жете беретін мінәжат емес пе?
Бір құлын саяхатқа шығарып өзінің құзырына шақырып алды
да зор міндет жүктеу үшін Мәсджид-і Харамнан бастап әнбияның бесігі
болған Мәсджид-і Ақсаға апарып пайғамбарлармен жолықтырып, барлық
пайғамбарлардың діндерінің негіздеріне нағыз мұрагер екенін көрсеткен
соң, сонау Сидретүл Мүнтехаға, Қабы Қаусәйінге шейінгі мүлік пен мә
лә кутын яғни ғалам ағашының ұшына, жаратылыстың шегіне шығарып
болмыс атаулының ішкі сыртқы жақтарын, мәнмағынасына терең бойла
тып аралатты. Иә, Оның құл екені рас. Әрі бұл саяхат шағын бір көкке
көтерілу еді. Алайда, ол құлда бүкіл ғаламға қатысты ұлы аманат бар
болатын. Әрі мына ғаламның өңін өзгертіп жіберетін бір нұр болатын.
Әрі сондайақ, мәңгі бақыттың қақпасын ашатын бір кілт бар болатын.
Сондықтан Аллаһ Тағала өзін "барлық затты көруші, естуші" сипатымен
сипаттады.
Осы терең сыр төрт негізден тұрады.
Біріншісі: Мираждың қажеттілігі.
Екіншісі: Мираждың ақиқаты, мәні.
Үшіншісі: Мираждың хикметі.
Төртіншісі: Мираждың пайдасы мен жемісі.
Бұл терең де күрделі сырды екі мысалдамамен баяндап, түсінуді
жеңілдетейік: Сұлтан патшаның екі түрлі үндеуі, сұхбаты, кө
рісуі болады. Екі түрлі жарлығы, ілтипаты болады. Біреуі, өзінің қарапайым халқымен, аса маңызды емес бір мәселе үшін, кішкене бір қажет
тілік туралы, жеке бір телефон арқылы байланысады, сұхбат қылады.
Ал, екіншісі болса, ұлы мәртебелі салтанатымен, абыройы үстем халифа
атымен, жер жүзінің билеушісі ретінде және жарлығын әртарапқа жа
йып, әмірін баршаға хабарлау мақсатымен осы істерге жауапты бір қыз
мет керімен немесе әлгі жарлықпен тікелей байланысты, өзіне жақын
лауазымды бір елшісімен сөйлеседі, сұхбат қылады. Және ұлықтығын
жария ететін киелі бұйрығын жіберу арқылы онымен көріседі.
Біріншісі: Жүрек дейтін айнамен ұштасып жатқан Раббани байланыс
арқылы көрініс табады. Мұндай шағылысәсерге әркім өзінің қабілетіне,
рухани дәрежесіне қарай және Иләһи көркем есімсипаттардың ықпалымен
аздыкөпті әлгі Әзәли Күннің нұрына, сұхбатына бөленіп, өзіндік мінәжат
қылады. Үстемдік етіп тұрған әлдебір есім мен сипаттың саясын паналап,
рухани даму жолына түскен әулиелік жолдардың саналуан болуы,
дәрежелері түрлітүрлі болуы осы сырға байланысты.
Екінші мысалдама: Адамның жаратылысы күрделі де мазмұнды.
Сондықтан ол "ғалам" ағашының ең нұрлы да құнды жемісі. Олай болса
ғаламды сан құбылтып, өзін жанжақты көрсететін Иләһи көркем есімдер
тұтасымен рух айнасында көрінуі заңды құбылыс. Осы жақтан алғанда,
Аллаһ Тағаланың Өзі және Есімсипаттары ең ұлық дәрежеде, жарқын
бейнеде адамзаттың рухани тұрғыдан ең ұлық тұлғасына сәулесін тол
ық шашып, ғажайып түрде шағылысып, кемел түрде көрініс табады.
Міне осы көрініс пен шағылыс, Ахмедтің (с.а.у) миғражының мәнісі,
өзегі болып табылады. Сөйтіп Оның уәләяты рисалетке айналды яғни
әулиелігі пайғамбарлыққа ұласып, оған кіріспе, бастау болды. Уәләят
яғни әулиелік жол көлеңкелі болады. Ол екінші мысалдамадағы бірінші
адамға ұқсайды. Ал, Рисалет болса яғни пайғамбарлық көлеңкесіз. Ол
тұптура, тікелей Заты Зүлжәлалдың Әхадиетімен (Әр нәрсені жеке-
жеке өзі жаратуы) байланысты, екінші мысалдамадағы екінші адамға
ұқсас. Миғраж болса, Ахметтің (с.а.у.) уәләятының яғни Мұхаммедтің
әулиелігінің ең ұлы кереметі әрі ең жоғары мәртебесі болғандықтан
рисалетке яғни пайғамбарлыққа айналып кетті. Олай болса, Миғраждың
ішін, астарын уәләят дейміз. Ол халықтан Хаққа қарай кетті, басқаша
айтқанда жаратылғандар арасынан шығып, Жаратқанға тура бет алды.
Ал, Миғраждың сыртын Рисалет яғни пайғамбарлық дейміз. Ол Хақтан
халыққа келеді. Уәләятті Жаратқанға "құрбиет" мәртебелерінде сулук
яғни жақындау, құлдың өзі талпынып белгілі бір мәртебелерді жүріп өту
және ол ұзаққа созылып, уақыт қажет ететін оқиға. Ал, Ұлық Нұр болып
табылатын Рисалет болса Иләһи "ақрабиеттің" ашылуы яғни Аллаһ
тарапынан құлды өзіне тартуының бір көрінісі. Ол уақытқа тәуелсіз жайт,
бір сәтте болатын іс. Сондықтан хадисте: "бір сәтте барып келді" дейді.
Миғраждың ақиқаты, мән-мағынасы туралы не дейсіз?
Жауабы: Миғраж дегеніміз, Ахмедтің (с.а.у) кемелдіктің мәртебелеріне
көтерілуі, дамудың сатыларынан өтіп жоғары өрлеуі, самғауы. Мұны ке
мелденудің мәртебелерінде сейру сүлу деп атайды яғни Аллаһ Тағаланың
жаратылысты ретпен жаратарда шағылысатын саналуан көркем есім
сипаттарын, сондайақ рубубиетінің салтанатында қолданған шаралар мен
жарату шеңберлерінде өзінің зор билік істерін, басқару жұмыстарын және
осы орасан зор істердің атқарылуына ұйытқы болатын аспан қабатында
көрінетін рубубиетінің көріністерін жекежеке өзінің жақын құлына
көрсете отырып оның адами кемелдікке әбден тұнып тұрғанын һәм Иләһи
зор әсер алғанын және ғаламның барлық қабатына назары жететінін, ол
рубубиеттің салтанатының делдалы, Аллаһтың ризашылығына қалай
бөленуді білетін әрі білдіретін және жұмбақсыры көп мына ғаламның
шешімін тауып, сырын ашып беруші деген жоғары мақамға тағайындау
үшін пыраққа мінгізді де, найзағай жылдамдығында аспандарды кезді
ріп, жоғары мәртебелерден өткізіп, Ай тәрізді бір ұядан екінші ұяға,
шеңбербен шеңберге Иләһи рубубиетін яғни шексіз билік пен әмір алаңын
тегіс тамашалатты һәм әлгі жерлердің жоғары шыңында мақамдары бар һәм
бауырлары болып табылатын әнбиялармен жекежеке жүздестіріп,
ақырында Қабы Қаусәйін мақамына шығарды. Өзінің Әхадиеті арқылы
кәламы мен жамалын яғни сөзі мен көркін естіпкөруді бұйырды, нәсіп
қылды. Әрине, бұл өте терең ақиқат.
Әр адам өзінің ақылымен, қиял жылдамдығымен саяхат ететіні
секілді, әрбір әулие қалбымен (жүрек сезімі) найзағай жылдамдығымен
әлемді аралап кезгеніндей, болмысы нұр болған әрбір періште рухтың
жылдамдығына парапар ғарыштан жерге, жерден ғарышқа ұшатыны
сияқты және жәннаттық жандардың пырақтың жылдамдығындай махшардан
бес жүз жылдық қашықта орналасқан жұмаққа баратыны секілді,
болмысы болса нұрға тұнып тұрған, нұрға бөленген әулиелердің жүрегінен
әлдеқайда нәзік, әруақтар мен періштелерден анағұрлым жеңіл де көркем
Мұхаммедтің рухы (с.а.у) және шексіз маңызды міндет атқаруға лайық
сезімдерге бай оның мубарак денесі (с.а.у), әлбетте, жоғары мәртебелі
рухымен бірге ғарышқа дейін барады әрі солай болуы керек.
Сөйтіп, ең алып шеңбері болып табылатын аршы ағзамға яғни ең ұлы ғарышқа барып, одан Қабы Қаусейінге яғни болыпболмауы екі талай, мүмкін әлем мен
болуы шарт әлем ортасында орналасқан мақамға шығады, Заты Жәлилі
Зүлжәмалмен тікелей көріседі. Міне, осы саяхат Миғраждың мәні,
ақиқаты боп табылады.
Миғраждың хикмет сыры не?
Миғраждың хикметі орасан зор. Оның биік шыңына адамиойпікір жете алмайды. Тереңдігі сонша, ақыл бойламайды. Күрделі денәзік екені соншалықты ақылой өз бетімен аңғара алмайды. Дегенмен,кейбір ишаралар арқылы толық мәнісі ашылмаса да бар екенін, рас екенінбілуге болар.
Мына ғаламның Жаратушысы, жаратылғандар әлемінен Уахдетінің
нұрын, Әхадиетінің сәулешуақтарын көрсету үшін "кесрет" қабатының
яғни саны көп жаратылғандардың ең соңғысынан бастап, уахдеттің ең
бастапқы нүктесіне дейін созылып жатқан, екі жақты қосып тұратын
даңғыл, сара жол іспеттес Миғраж арқылы ерекше бір тұлғаны бүкіл
мақұлықтар атынан шығарды да, оны өзімен сөйлесетін қылып, сана
иелерінің атынан келген уәкіл ретінде Өзінің асқақ мақсатын оған
түсіндіру және сол арқылы басқаларға білдіру әрі Оның яғни Ардақты
пайғамбарымыздың назарымен мақұлықтар айнасында көрініп жатқан
өзінің шебер өнерін, Рубубиетінің кемелдігін өзі көріп әрі көрсету;
міне осылар Миғраждың хикметі болып табылады.
Мына алып та ғажап ғаламның бір ғана адамның кіпкішкене болмысынан, шағын ғана затынан жасады дегенге таңданып, ақылға сыйымсыз деп аптықпа! Белгілі бір мағынада әлем тәріздес зәулім шынар ағашын бидай дәніндей кіпкішкене дәнектен
жаратқан Қадирі Зүлжәлал мына ғаламды Мұхаммедтің (с.а.у) нұрынан
неге жаратпасқа, жарата алмайды деймісің? Міне, ғалам ағашы бейне
бір жұмақтағы "туба" ағашы тәрізді діңгегі мен тамыры жоғарыда, тал
бұтақтары төменге қарай салбырап, иіліп тұратындықтан, төменгі жағында
орналасқан жеміс мақамынан сонау асыл, бастапқы дәнек мақамына
дейін созылып жатқан нұрлы тізбекті қосып, екі ортаны байланыстырып
тұратын нұрани бір жіп бар. Міне, Миғраж дегеніміз сол нұрлы жіптің,
байланыс жолының сыртқы қабығы, бейнесі. Сол нұрлы жолды салу
Ахмед ғаләйһиссалату уәссаламға нәсіп болды. Ол Уәләятпен барды да
Рисалатпен қайтты яғни әулиеліктің ең жоғары сатысына шығып ол кейін
пайғамбарлыққа ұласып, Пайғамбар болып қайтты. Қайтарда есікті ашып
кетті. Сондықтан артынан жүріп, ізінен еруші әулиелер рухымен, қалбымен
яғни жүрегімен сол нұрлы даңғылда нәбидің Миғражын көлеңкелеп сәйірі
сулук яғни рухани дамып, мағынауи мәртебелерге көтеріліп қабілетіне
қарай жоғары мақамға шығып жатады.
Миғраждың жемістері мен пайдалары не?
1-ЖЕМіС: ол – мына әлемнің мұңлы да жабырқау, фәни әрі түсініксіз, астаңкестеңі шыққандай жағымсыз өңін өзгертіп, әлемнің Самәдани хат яғни мағынасы терең
жазулар екенін, ғалам Заты Әхадтың жәмалын көрсететін айналар
жиынтығы екенін аңғартты. Осылайша, шын мәнісін ашып берді. Саналы
жандардың барлығын, бүкіл әлемді риза қылып қуанышқа бөледі. Әлсіз,
пақыр, аса мұқтаж, қысқа ғұмыр кешетін, адасып, сандалып жүрген,
қиын жағдайдағы мұңлық, бейшара адам баласын өзімен бірге алып
келген нұр мен жемістің саясында мүлдем өзгертіп, оның ахсәни тақуим
бейнеде яғни өте толыққанды, еш нұқсансыз, керемет жаратылғандығын,
ол, Самәдани Құдіреттің мұғжизасы, маңызы зор Иләһи хат, мазмұнды
нұсқа, Әбәд пен Әзәлдің Сұлтаны Аллаһпен сөйлесуші, Оның өзіндік жеке
құлы, кемелдігіне таңырқаушы, досы, жәмалының ғашығы, сүйіктісі, бақи
жәннатына шақырулы сыйлы қонағы деп, адам баласының нағыз бейнесін,
мәнмағынасын, қадірқасиетін анықтап берді. Адам болам дегендерге
шексіз қуаныш сыйлап, ынтажігерін арттырды.
2- ЖЕМіС: Болмыс атаулының Иесі, ғаламның қожайыны,
Раббүл Ғаламин, Әзәл мен Әбәдтің Әкімі Аллаһ Тағаланың риза болған
діні Исламның әу баста намаз негіздерін жын мен адамзатқа сыйға
тартты.
3-ЖЕМіС: Мәңгі бақыттың құпия қазынасын көріп, оның
кілтін алып жын мен адамзатқа сыйға тартты. Иә, Ол Миғраж арқылы,
өз көзімен Жұмақты көрді.
Енді сен, қанша жын мен
адамзат болса, сонша қуаныш пен шаттықты ойша жина да, бір сәт ойла!
Сосын осы сүйінші хабардың маңыздылығын таразылап, баға бер!
4-ЖЕМіС: Руеті Жамалуллаһ яғни Жаратқанның көркіне
куә болу жемісін өзі алғаны секілді, мұндай ғанибет, мол бақыт, бүкіл
мүминдерге де нәсіп болатынын сыйға тартты. Бұл жемістің қаншалықты
тәтті, хош әрі керемет екенін былайша білуге болар. Жүрегі таза әрбір кісі
көрікті сұлуды, кәміл жанды, мейрімдіні жақсы көреді. Оның жақсы көруі
әлгі көрік жәмалдың, кемелдік пен мейрімділіктің дәрежесіне қарай арта
түспек. Құштарлана, тіпті жанын оған пида ететіндей махаббат қылады.
5-ЖЕМіС: Адамзат, ғаламның баға жетпес қымбат жемісі
екені және ол ғаламның Иесі Саниы Кайнаттың ерке де сүйкімді мақұлығы
екені Миғраждың саясында түсінікті болды.
Иләһи таупық пырағына мініп найзағай жылдамдығымен бүкіл жаратылыс
әлемін, мүмкіндік дүниесін аралап, "мүлк" пен "мәләкут" әлемін толық
тамашалап, абсолюттік әлемге шығып, сұхбаттасып, абыройы артып
Аллаһтың жәмалын көріп, одан бұйрықты алып кері қарай өзінің киелі
міндетіне қайта орала алады, оралған және солай болған.
Жетпіс мың перде деп аталған есімдердің белестерінен сипаттардың өткелдерінен, жаратылыс қабаттарынан асып өтіп күллі мәртебелерді артта қалдырған.
Міне, Миғраж дегеніміз осы.
Рисалей Нұр жинағынан,Миғраж рисалесі
Бәдүззаман Саид Нұрси