Рисалей Нұрды Түрікшеден түсіну методикасы (жеке қөзқарас):
* Күніге 15 беттен оқылса тура 1 жылда бітуге болады. Ең азында 4,5 рет Түрікше Рисалей Нұр Кулиятын бітірген абзал.Бірақ оқығанда түрлі методикамен оқуға да болады.Адам болмысында ақылдан басқа көптеген мүшелеріміз бар.Ақылмен қоса түрлі сезімдер де өз рухани рызығын алып жатыр деп ойлау керек.Ұстаз айтқан: “Кімде кім Рисалей Нұр жинағының дәрәсін түсініп әрі қабылдап 1 жылда бітірсе өз заманың ақиқатшыл ғалымы бола алады”-деген. Һәм Рисалей Нұр оқыған,тыңдаған,оқытқан және таратқан Тәлебе мәртебесің алады.
· 1-ші рет оқығанда сөздік қолданбай тек қана Енвар,Сөзлер,Ықылас Нұр баспаларында басылған латынша мәтінге көзді үйретіп, түсінбесек те мәңерлеп окуға ұмтылу. Осылай оқу арқылы ең көп кездесетін ұғым мен сөздермен таңыса отырып құлақты Кітаптің Тіліне үйретеміз.Танысу осылай басталады.
· 2-ші рет оқығанда енді сөздік (Абдуллаһ Иегин лұғаты) қолдана отырып ең жиі кездесетін сөздерді сіңіру.Осылай енді қай кітаптың қай жерінде қандай тақырып жазылғанын үйрене бастаймыз.Рисалей Нұрды газетті оқығандай оқымау керек,тіпті керек жерлерін жазып отырса да болады. Енді ішкі әлемнің есігін аштық деп саңауға болады.
· 3-ші рет оқығанда МҮЗӘКЕРЕ жасап яғни Рисалей Нұрды оқып аудара алатын 4,5 бауырлармен бірге отырып мағыналарды ашуға тырысу.Түсінбеген жерледі сұрау.Керек болса қате әрі толық түсінбеген жерлерді Қазақшасынан/Орысшасынан салыстырып қарау.Осы кезде енді қандай мәселені қай бетте ашықтайтының таба бастаймыз.Рисалей Нұрдың ұстазы тек қана Рисалей Нұр екенің ұмытпау керек.Басқа кітаптарға мұқтаж емес.
· 4-ші рет оқығанда МҰТАЛА жасап оқу.Яғни текст пен контекстін аңғара бастаймыз.Мына термин ұғым және мағына басқа қай сөйлемде,қандай параграфте кездесетін және айырмашылығын таба алу.Басқаларға да оқып аудырып беруге тырысу.Бірақ кітапқа садық болу керек.Яғни өзіміздің жеке ойымызды емес,мәтінді негізге алу шарт.Оқығандармен қолдан келгенше амал ету.
· 5-ші рет ары қарай Османшадан оқу, Афоризм сияқты жерлерді жаттап алу және Құран әріпімен жазылған оригиналдан жазып үйрену.Енді бұлардың бәрі рухқа сінеді.Оқырман мәтін Рисалей Нұрдан ба емес пе ажырата алатын дәрежеге жетеді.
# Осылай қабірге дейін оқу арқылы өзіміздің кім екеніміз?қайда? қалай ? баратынымзды білу арқылы Жаратушымызды таңимыз.Нұр щеңберіндегі сауаптарға ортақ боламыз .Ұстаз өзі жазса да кейбір кітаптарды 100 реттен аса қайта қайта оқыған.
Жемістері:
× Иманымызды құтқарамық.Яки тақлиди иманды тақиқи иманға жеткізіміз.
× Оқи отырып аяттар мен хадистердің шыңайы мағынасын үйренеміз.
× Болып жатқан оқиғаларға имани көзілдірікпен назар аударамыз.
× Ұмытылған Құран сөздері мен ислами ұғымдарды зейінімізде сақтаймыз.
× Оқыған намаздардан және тесбихаттардан көбірек ләззат ала бастаймыз.
§ Осыларды 5,10 жылда бітіру арқылы Нұр Университет бітірумен пара пар.Құранның үлкен рухани дәріханасынан өзімізіге шипа алуға болады.