Иман
January 23, 2020

Әрбір өліктің рухын Хазреті Әзрейіл алейһиссәлам тікелей өзі ала ма? Әлде көмекшілері ала ма?

Бұл жөнінде үш ұстаным бар:

Бірінші Ұстаным: Әзірейіл Алейһиссәлам барлығының рухын өзі алады. Бір іс екіншісіне кедергі болмайды, өйткені ол нұрани. Нұрлы бір нәрсе, сансыз айналар арқылы сансыз жерлерде тікелей өзі бола алады және шағылысып көрінеді. Нұрлы заттың шағылысқан бейнесінде сол нұрлы заттың өзі де бар, оның дәл өзі болып саналады, одан өзге нәрсе емес. Күннің айналардағы шағылысы күннің жарығы мен қызуын көрсететіні секілді. Періште сынды руханилердің де, мисал әлемінің бөлек-бөлек айналарындағы бейнесі олардың дәл өздері болып табылады, олардың нақ қасиеттерін көрсетеді. Бірақ айналардың қабілеттеріне қарай көрінетін болады. Мәселен, Хазреті Жәбрейіл алейһиссәлам, Дихия бейнесінде сахабалардың арасында көрінген мезетте, мыңдаған жерлерде басқа бейнелерде және Арш Ағзамның алдында, шығыстан батысқа дейінгі кең, тамаша қанаттарымен сәжде етуде еді. Бүкіл жерде, сол жерлердің қабілетіне қарай шағылыстары көрінеді екен, бір мезгілде мыңдаған жерде бола алады екен. Сонымен бұл ұстаным бойынша рухты алу кезінде, адамның айнасына шағылысқан өлім періштесінің адами, шағын бейнесі Хазреті Мұса Алейһиссәлам сынды табанды да айбынды бір тұлғаның соққысына ұшырауы және сол мисали өлім періштесінің киімі тәріздес бейнесінен көзінің шығарылуы – қисынсыз да, ақылға қайшы да емес.

Екінші Ұстаным: Хазреті Жәбрейіл, Микаил, Әзірейіл сынды үлкен періштелер жалпы бақылаушы есебінде. Олардың өз тобынан өздеріне ұқсайтын кішкене көмекшілері бар. Ол көмекшілер де жаратылыстардың түрлеріне қарай бөлек-бөлек болады. Салихтердің (Сілтеме20) рухтарын алатындар басқа, күнәһарлардың рухтарын алатындар бір бөлек.....

وَالنَّازِعَاتِ غَرْقًا ٭ وَالنَّاشِطَاتِ نَشْطًا

/(Кәпірлердің жанын) жұлқа тартып суырушымен (періштелермен) Ант/

/(Иманылардың жанын) білдірмей,жеңіл алушымен (періштелермен) Ант/

[Нәзиғат; 79:1-2]

аяты мынаған ишара етеді: «Рухтарды алатындар тайпа-тайпа». Бұл ұстаным бойынша, Хазреті Мұса алейһиссәлам, нақ Хазреті Әзірейіл Алейһиссәламға емес, расында Азрейілдің бір көмекшісінің мисали денесіне өзінің болмысындағы айбыны мен мінезіндегі батылдығы арқылы және Хақ Тағаланың алдындағы наздарлығына сүйеніп, жұдырық сілтеуі ақылға өте қонымды. (Сілтеме21)

Үшінші Ұстаным: Жиырма тоғызыншы Сөздің Төртінші негізінде баяндалғандай және Хадис шәрифтердің куәлік етуі бойынша: «Кейбір періштелердің қырық мың басы бар. Әрбір басында қырық мың тілі бар. Демек сексен мың көзі де бар. Әрбір тілінде қырық мың тасбихат бар». Періштелер көзге көрініп тұрған әлемдегі нәрселердің әрбір түріне уәкіл болатын болса, ал, рухтар әлемінде солардың тасбихаттарын бейнелейтін болады. Әлбетте солай болулары керек. Өйткені, жер шары жаратылыс. Хақ Тағаланы тасбих етеді. Олай болса оның басы қырық мың емес, тіпті жүз мыңнан да көп болуы керек, өйткені әрбір жанды түрдің жүз мыңдаған тіл есебіндегі тұлғалары бар. Тағысын тағы... Демек, жер шарына уәкілдік ететін періштенің қырық мың, тіпті жүз мыңдаған басы болуы керек. Әрбір басында жүз мыңдаған тіл болуы керек. Осылай жалғаса береді... Сонымен бұл ұстаным бойынша, Хазреті Әзрейіл Алейһиссәламның, әр бір тұлғаға қатысты бір бейнесі, көзі бар. Хазреті Мұса Алейһиссәламның Хазреті Әзірейіл Алейһиссәламға жұдырық сілтеуі, Астағфируллаһ, Әзрейіл Алейһиссәламның шынайы мәнісіне және нағыз бейнесіне емес. Менсінбеушілікпен де емес. Қабыл етпеу де емес, негізінде пайғамбарлық міндеттің әрі қарай да жалғаса беруін және баяндылығын қалағандықтан өз ажалын бақылаушы және қызметіне тосқауыл болғысы келген бір көзге соққы сілтеген, сілтейді де !..
/28-мектуб/

Сілтеме. Біздің жақта «Сейда» лақабымен әйгілі болған бір үлкен әулиенің жан тәсілім шағында, әулиелердің рухтарын алуға уәкіл етілген өлім періштесі келген екен. Сейда дауысын шығарып, «Мен ғылым жолындағыларды қатты жақсы көремін, рухымды солардың рухын алуға уәкіл етілген ерекше тайпа алсыншы!» деп Аллаһқа жалбарыныпты. Жанында отырғандар бұл оқиғаға куә болған екен.

Сілтеме: Тіпті, біздің елде өмір сүрген өте батыл бір адам жан тәсілім етер кезінде, өлім періштесін көріп, «Менің жанымды төсекте алмақсың ба»? деп орнынан тұрып, атына мініпті. Қолына қылышын алып, періштеге қарсы майдан ашыпты. Ат үстінде батырларша опат болған екен дейді.