Кітап
May 18, 2021

Рисалей Нұр не үшін керек? Оны оқуымызға не қажеті бар?

Бір топ жас, мына замандағы әзәзіл де құйтырқы, нәпсі қоздырар нәрселер мен әуестіктің шырмауынан сескеніп: "Ақыреттік жарқын өмірімізді қалай сақтап қалуға болады?" – деп, "Рисалей Нұрдан" медет сұрады. Мен оларға, "Рисалей Нұрдың" рухани тұлғасының атынан былай дедім:

Дүниеде қабірдің бар екені рас, оны ешкім жоққа шығара алмайды. Қаласақ та, қаламасақ та, бәріміздің оған баратынымыз анық. Оған барудың үш жолы бар, басқа жолы жоқ.

Бірінші жол: Әлгі қабір – иманды жандар үшін бұл дүниеден әлдеқайда керемет мәңгі әлемге ашылған есік.

Екінші жол: Ақыретті мойындағанымен, өз нәпсісін тыя алмай адасып жүргендер үшін ол – барлық дос атаулыдан айыратын жалғыз адамдық абақты, мәңгіге қамалу. Пенде ақырет күніне сеніп, біле тұра орындамаған соң, тиісті жазасын осылай тартады.

Үшінші жол: Ақыретке сенбейтін кәпірлер мен хақ жолдан тайғандар үшін мәңгілікке жоқ болу қақпасы. Ол – өзінің, өзімен бірге барлық жақсы көрген адамдарының да көзін жою үшін жасалған дар ағашы тәрізді. Өзі де солай деп білгендіктен, күткенін айнытпай көретін болады. Соңғы екі жол өте айқын әрі түсінікті болғандықтан, дәлелдеудің қажеті жоқ, көзбен көріп, қолмен ұстағандай анық.

Иә, ажал деген қашан да жасырын, табан астында келмек. Ол барлық жерде, әрқашан шап беруге әзір. Жас,кәрі деп те алалап жатпайтын, кірпік қақпастан сұқты көзін қадап тұрған нәрсе. Ол, мәңгіге қош айтыстыратын құрдым. Міне, оны керісінше, мәңгілік әлеміне бастайтын, шексіз бақыт пен нұр әлемінің қақпасына айналдыру – кеудесінде жаны бар әрбір пенденің ең басты да зор мәселесі.

Бұл ащы шындыққа яғни ажалға үш жол бар. Үш жолдың үш түрлі болатынын кім хабар берді десеңіздер, олар, жүз жиырма төрт мың турашыл елшілер ­ халқына мойындату үшін мұғжиза көрсеткен пайғамбарлар, ­ сондай-­ақ олардың хабарларына куәгерлік етіп, қызу қуаттап растаған жүз жиырма төрт миллион әулие әрі ақиқатқа жаны құмар сансыз жандар. Бұл ақиқатшылдар пайғамбарлар мен әулиелердің айтқан хабарларын дәлме­дәл, қисынды әрі ғылыми түрде растай отырып (Сілтеме) әлгі жоқ болу мен мәңгі зынданға қамалудан құтылып, оны мәңгі бақыт әлеміне бастау етудің жолы – жүзден тоқсан тоғыз ықтималдықпен, Имандылық пен Аллаhқа мойынсұну екендігін, бірауыздан бірлесе хабар беруде.

(Сілтеме. Сондай тәпсірлердің біреуі Рисалей­ Нұр)

Ықылым заманнан бері басым аймақтарда “медресе оқығандар” «тәкиеде» жүрген тариқат түлектерінің алдында бас иіп тік тұратын. Олардан әулиеліктің жемістерін дәметіп, күтетін. Олардың дүкенінен иманның ләззаттарын, ақиқаттың нұрларын іздейтін. Тіпті медресенің ірі тұлға, ғалым-ғұламасы тәкиенің кішкене әулие-пірдің қолын сүйіп, соның артынан жүгіретін. Олар абыл-хаят, нұр бұлағын тәкиеде іздеп сол жақта ғана бар деп ойлайтын.

Алайда, медреседе ақиқатқа, нұрға апаратынын әлдеқайда қысқа жол және имани ілімде әлдеқайда сап, мөлдір, анағұрлым таза абыл-хаят бұлағы бар екенін, сондай-ақ, амалдан, құлшылықтан, тариқаттан анағұрлым жоғары, әлдеқайда тәтті, әлдеқайда қуатты «тариқ-ы уәләят» яғни нұрлы жол ақиқат ілімінде екенін және иман ақиқаттарында, әһл-і сүннеттің кәлам ілімінде екенін Рисалей-Нұр Қасиетті Құранның мағынауи мұғжизасының арқасында ашып көрсетті, алдарыңызда.Рисалей-Нұрды бәрінен бұрын ынта-ықыласпен мақұлдап әрі мақтана қабылдап ішіне кіретін медресе оқыған ғалымдар болуы керек, тіпті шарт десе болады. Бірақ өкінішке орай әлі күнге дейін медреседен шыққан осы абыл-хаят, өмір суы тәріздес нұр бұлақты, осы бір аса қымбат таусылмайтын қазынаны көпшілік ғалымдар білмейді, іздемейді, аман-сақтап қалуға тырыспай отыр. Құдайға шүкір енді ғана сезіне бастаған секілді. Сөздер кітабы молда-имамдарды, мұғалімдерді өз нұрына тартып жатыр.

«Неліктен сенің Құраннан жазған Сөздеріңде жиі ұшырасатын қуат пен әсер, басқа тәпсіршілер мен ғалымдардың сөздерінде сирек кездеседі? Кейде бір жолда бір беттің, бір бетте бір кітаптың әсерін беруінің сыры не?» - дейсің.

Жауап: (Тамаша жауап) Ондай бедел, Құранның мұғжизалығына тиісті болғандықтан маған қатысы жоқ. Сондықтан тартынбастан айтарым, солай екені рас. Өйткені: Жазылған Сөздер суреттеу емес, растау. Тәсілім емес, иман. Таным емес, куәлік ету, көз жеткізу. Еліктеу емес, зерттеу. Жақтасу емес, ұғыну. Сопылық емес, ақиқат. Дауласу емес, дәлел.

Бұл сырдың хикметі мынау: Бұрынғы уақытта иман негіздері мызғымастай мығым және шабуылдардан аман еді, тәсілім күшті еді. Ішкі ұсақ мәселелерде ғалымдардың түсіндірулері дәлелсіз болса да оңай қабылданатын еді. Бірақ, бүгінгі таңда ғалымсымақтар туындатқан адасушылықтың қолы діни негіздер мен тіректерге жармасқандықтан әрбір дертке лайықты емді ихсан етуші Хаким-і Рахим болған Зат-ы Зүлжәлал, Құран Кәримнің ең ашық мұғжизасына мазһар болған тәмсілдерінің бір сәулесін, әлсіздігім мен пақырлығыма және мұқтаждығыма мейірім түрінде құран қызметіне қатысты жазуларыма сыйға тартты. Сонымен, Аллаһқа хамд етемін, тәмсіл сырының дүрбісі арқылы ең ұзақ ақиқаттар өте жақыннан көрсетілді. Әрі сырының шатыры арқылы ең шашыраңқы мәселелер үйлесімін тауып бірікті. Және де, тәмсіл сырының баспалдағы арқылы ең биік ақиқаттарға оңай қол жеткізілді. Және де, тәмсіл сырының терезесі арқылы, ғайби ақиқаттарға көз жеткізіп, Ислами негіздерге көзбен көргендейиманияқинсенімқалыптасты. Ақылмен қоса, қияли, тіпті нәпсілік құмарлық та берілуге мәжбүр болды. Шайтан да өз қаруын тастауға мәжбүр болды.

Қорытынды: Жазбаларымда қанша әсемдіктермен әсерлілік болса, олардың бәрі тек қана Құрани тәмсілдердің сәулелерінен тарап жатыр. Менің үлесім, тек аса мұқтаждығым мен тілек тілеуім және өте әлсіздігім мен жалбарынуым. Дерт менікі, Дауа Құрандікі.