Зілзәла туралы
Бейқамдар: "Зілзәла жер астындағы заттардың өзара қосылып қайнауынан, зат алмасуынан пайда болады" деп даурығады. Жер сілкінуді кездейсоқ, табиғи құбылыс, мақсатсыз оқиға деп санайды. Олар, мұндай оқиғалардың материалдық емес, мағынауи себебін түсінсе ғой оянып тәубеге келер еді. Олардың әлгіндей сөзінде ақиқат бар ма? Неге сүйеніп айтады?
Жауабы: Айтқан сөздерінде адасудан басқа ештеңе жоқ. Өйткені,
Жердің бетіне жыл сайын елу милионнан астам түрлітүсті, жасылжелек
көйлек кигізілгендей мыңдаған түрлі санқұбылған жанжануарлар өмір
сүреді. Олардың саны шексіз. Тек шыбын тұқымдастардан жалғыз бір
түрін алайық. Оның жүздеген ағзаларынан тек қана қанатының өзі,
Шебер Аллаhтың қалауымен, оның әдемі де аса хикметімен жаратылып, он төртінші сөз зор мән беріліп, мұқият жасалатынын көзімізбен көріп отырмыз. Ендеше қалай ғана, саналы және бейсана саналуан мақұлықтардың бесігі, анасы,
баспанасы болған Жер шарының маңызы зор қозғалысы мен оның хал
ахуалы кездейсоқ, мағынасыз болады. Жоқ, жоқ! Оның барлық әрекеті,
үлкендікішілі құбылысы жаппай Құдайдың қалауымен, құдіретті еркімен
болады, оған шәк жоқ.
Алайда, Қадиры Мұтлақ (Күш-құдіреті шексіз) хикметінің талабына
сай өзінің басқару ісіне себептерді перде ретінде пайдаланады. Зілзәла
жасағанда кейде бір затты қозғалысқа келтіріп, өз әмірімен әрекет еткізеді.
Оны қалай атаса да мәнісі өзгермейді. Ол, Хаким Аллаhтың бұйрығымен,
хикметімен болатын құбылыс.
Мәселен, біреу бір адамды мылтықпен атып өлтірді дейік. Атып өл
тірген қылмыскерді қоя беріп, мылтықтың оқдәрісі қалай тұтанғанын,
оқтың қалай ұшқанын терең зерттеп ал, бейшара марқұмның құқығымен
санаспау қаншалықты ақымақтық әрі әділетсіздік. Дәл сол сияқты Қадиры
Зүлжәлалдың тіл алғыш қызметшісі, бір кемесі немесе ұшағы тәріздес мына
Жер шарының ішіне, өзінің шексіз қалауымен, хикметімен орналастырған
бомбаны, діннен безгендер мен бейқамдар тәубаға келіп, оянсын деп,
жару үшін берілген Раббани әмірімен санаспай, Иләhи хикметті түсінбей,
Құдайды ұмыту, мұны "табиғи құбылыс" деп санау, әлбетте адасу мен
ақымақтықтың сорақысы.