Келушілерге маңызды ескерту
Кейбір достардың ескертуі бойынша, зияратшыларға қатысты бір қағиданың түсіндірілуі сұралған-ды. Сол үшін жазылған.
Біліп қойыңдар: Бізді зиярат етушілер я дүниелік мәселе үшін келді. Ол есік жабық. немесе ақыреттік мәселелер үшін келеді.
Онда да екі есік бар: Біріншісі я, жеке басымды қасиетті санап, жоғарғы мәртебе иесі деп ойлап келеді. Ол есік те жабық. Өйткені, мен өзімді мақтамаймын, мені мақтағандарды да қоштамаймын. Өз өзімді мақтауыма жол бермеген жаратушы Хаққа мың шүкір.
Екіншісі, тек Құран Хакимнің қызметшісі болуым жөнінен, бұл есіктен кіргендерді төбеме көтере қабылдаймын. Олар да үш түрлі болады: Я, дос болады, я бауыр болады, я шәкірт болады.
Достың ерекшелігі мен шарты мынадай:Сөздерге және Құран нұрларына қатысты болған қызметімізге шынайы тараптар болуы және хақсыздыққа, бидғалар мен адасушыларға тараптар болмауы керек. Өздері де Рисалелерден пайдалануға тырысуы керек.
Бауырдың ерекшелігі мен шарты мынадай: Сөздерді жаюға шындап тырысуына қоса, бес парыз намазын етуі, жеті үлкен күнәні жасамауы керек.
Шәкірттің ерекшелігі мен шарты мынадай: Сөздерді өзінің меншігі секілді сезініп иелік етуі, өмірінің ең маңызды міндеті соны жазу, жаю және соған қызмет ету деп білуі керек. Міне, осы үш топ, менің үш тұлғалық бейнеммен байланыста. Дос, менің жеке тұлғалық бейнеммен байланыста болады. Бауыр, құл ретіндегі және құлшылығым тұрғысындағы тұлғаммен байланыста болады. Ал шәкірт, Құран Хакимнің жаршысы ретіндегі және ағартушылық міндетіндегі тұлғаммен байланыста болады.
Осы байланыстардың да үш жемісі бар:
Біріншісі: Құранға қызмет тұрғысында, Құран жауһарларын менен немесе Рисалей Нұрдан дәріс ретінде қабылдау. Бір дәріс болса да.
Екіншісі: Құлшылығым тұрғысында, ақыреттік табыстарыма үлескер болады.
Үшіншісі: Иләһи дәргаһқа бәріміз бірге бет бұрып, көңіл байласып, Құран Хакимге қызмет ету жолында қол ұстасып, таупиқ және һидаят сұрауда қатар жүреді... Егер шәкірт болса: әр таңда, үнемі есімде, кейде қиялымда да бірге болады, үлескер болады.