Бәдиүззаман & Шәкірттер
@said_nursi
ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде дүниеге келіп, ХХ ғасырда Ислам тарихында «Рисалей-Нұр» атты тәпсірдің авторы
42 posts

 Ислам әлемі деп аталатын алып мешітке жарты ғасырдан кейін жиналатын туысқандарым!

Ислам – хақ дін. Рухани да, материалдық жақтан да дамуға болатын кемел қасиеттері бар.Бұл сөздерді өзім сабақ алып, көз жеткізген дәлелдерге сүйене отырып айтамын. Сол дәлелдердің ішінен кіріспесімен қоса алғанда бір жарым дәлел айта кетейін:

Бізде, діни үкімдер мен Ислам ақиқаттарын үйрететін ресми орындар бар. Сенің дін жаюға қандай өкілеттілігің бар. Сен айдауда жүрсің. Олай болса бұл істерге араласуға хақың жоқ.

Жауап: Хақ пен Ақиқат шектеуге келмейді. Иман мен Құранды қалай шектеуге болады. Сендер дүнияларыңның тәртібін, заңын шектеп ретке келтірерсіңдер. Бірақ, Иман ақиқаттары мен Құранның негіздерін ресми түрдегі ақы-пұл төленетін дүнияуи мәселелермен қатар қоюға болмайды. Негізінде, Иләһи жарылқау боп табылатын ондай тылсым-сырлар, таза ниетпен және дүние мен нәпсани қызықтарды қойып, тазару арқылы ашылады. Оның үстіне сендердің сол ресми мекемелерің де елде жүргенімде мені уағызшы деп қабылдап сол қызметке тағайындағанды. Мен уағызшы болуды қабылдадым, бірақ жалақысын алмадым. Қолымда құжатым бар. Уағызшы, имам болып кез-келген жерде қызмет етуге ақым бар. Өйткені, менің жер аударылуым негізсіз болған. Сондай-ақ, жарамсыз деп танылатын...

Ой-пікір бостандығы

Егер тіпті қисынға келмесе де араға от тастаушылар мен домалақ арыз жазғыштар айтқандай, Рисалей Нұр үкіметтің саясаты мен кейбір заңдарына үйлеспейді, қарсы келеді екен делік. Саяси ұстанымы басқа, ой-пікірі басқа екен делік. Тіпті барлық рисалелер иман жайлы емес, саясат жайлы айтады екен деген жаланы қабыл еткеннің өзінде, айтар жауабым былай:

Адам және жын шайтандарының «Алты айласы»

Құран Хакимнің шәкірттері мен қызметшілеріне нұсқау ретінде және алданып қалмаулары үшін жазылған.

«Бұл ұйымды құру үшін ақшаны қайдан алдыңдар?»дейді.

Тергеушіге және алқа билерге айтарым! Алдыңғы берген жауаптарыма қосымша ретінде үш нәрсені айта кетейін. Біріншісі: Бізді қатты таңғалдыратын нәрсе, бізді кінәлауға бір себеп табылып қалардай, біз бір ұйым құрып алғандай, орынсыз сұрақтарды қасақана сұрайды.

Үйім-дәрісханам

Ер, әйел, жас, кәрі мыңдаған Нұр шәкірттері, тіпті Нұр медресесіне айналған Сав ауылы мыңдаған қаламмен жылдар бойы Рисалей-Нұр кітаптарын көшіріп көбейтумен болды. Тіпті Хазіреті ұстазға келіп, «Ұстазым! Мен күйеуім атқарар дүниелік жұмыстарды да өзім істеймін, ол сізге көмектессін, Рисалей-Нұрға алаңсыз қызмет етсін» деп ерлердің Рисалей-Нұр кітаптарын көшіріп көбейтулеріне мүмкіндік туғызған әйелдер де болды. Кешке жақын күйеулеріне шам дайындап беріп, олардың иман жолындағы қызметтеріне демеу болған.

Нұрлы дәрістер

Рисалей-Нұрдан шынайы иман сабақтарын алған және барған сайын көбейе түскен Нұр шәкірттерінің иманы күшейіп, Имани өжеттік пен Ислами батырлыққа қол жеткізуде. Бір батыр қолбасшының өз болмысымен жүздеген сарбаздарға күш-жігер беріп, рухтандырып жіберетіні сияқты, Рисалей-Нұрдың рухани тұлғасының уәкілі ретіндегі Саид Нұрси Хазірет, шынайы иман сабақтары арқылы имандары күшейген жүз мыңдаған, қазір тіпті миллиондаған Нұр шәкірттеріне бүкіл иманды жандарға тамаша үлгі болуда. Нұр шәкірттерінің осындай имани жігерлері және дінсіздерге қарсы күрестегі батырлықтары халыққа қатты әсер етті, оятып жіберді. Осылайша, халық арсындағы қорқыныш пен уайымды Рисалей-Нұр арқылы сейілтіп тастады. Халықты жігерлендіріп, үмітін оятты, мұсылмандарды...

Неліктен Пайғамбар сүннетіне қайшы әрекет жасап бойдақ қалып, үйленбеген?

Біріншісі: Қырық жылдан бері өте қауіпті, дінсіз арамзалардың шабуылына қарсы барлық нәрсесін пида ететін нағыз жанкештілер қажет болған кезеңде Қасиетті Құранның ақиқатына тек бұл дүниелік бақытымды ғана емес, керек болса ақыреттік бақытымды да пида етуге бел байладым.

Неге сақалын жоқ?

Сақал мәселесіне келер болсақ. Сақал сүннет. Молдаларға ғана қатысты нәрсе емес. Елде тосқан пайызы сақалсыз адамдардың арасында, жастайымнан сақалсыз өстім. Жиырма жылдан бері маған ресми түрде қысым жасалуда. Кейбір достарымның сақалдарын қырып тастауы, менің сақал қоймауымда бір хикмет, илаһи көмектің жатқанын дәлелдеп берді. Егер сақал бола тұра қырып тастар болсам, Рисалей-Нұрға зиян тиер еді. Өйткені мен ондайға төзе алмай өлер едім. Кейбір ғалымдар «Сақал қыруға болмайды», депті. Олардың айтпағы сақал қойғаннан кейін алып тастауға болмайды, деген. Ал ешқашан сақал қоймаған адам, бір сүннетті орындамаған болып саналады. Мынандай заманда сұмдық ауыр күнәлардан аулақ болу үшін, Рисалей-Нұрдың...

Неге ішкі, сыртқы ағымдарға, әсіресе, саяси ұйымдарға назар аудармайсың? Рисалей-Нұр шәкірттерін де мүмкіндігінше ондай ағымдарға жолатпайсың?

Сұрақ: Неге ішкі, сыртқы ағымдарға, әсіресе, саяси ұйымдарға назар аудармайсың? Рисалей-Нұр шәкірттерін де мүмкіндігінше ондай ағымдарға жолатпайсың? Негізінде сен сол ағымдармен шұғылдансаң мыңдаған адам Рисалей-Нұрды танып, нұрлы ақиқаттар жайыла түсер еді. Сонымен қатар, себепсізден себепсіз, мынадай қиыншылықтар шекпес едің.