құттықтаулар
July 29, 2020

Осы жеріне келгенде құрбан айт келді.

Қасиетті Құран: «Аллаһу әкбар»,«Аллаһу әкбар» ,«Аллаһу әкбар» тәкбир
сөздерімен адамзаттың бестен бір бөлігіне яғни үш жүз елу миллион
адамға «Аллаһу әкбар» деп айтқызуында терең сыр жатыр. Алып
жер өзіне тән зор дауыспен осы «Аллаһу әкбар» киелі сөзін өзінің
серіктері басқа ғаламшарларға естіртіп жатқандай жиырма мыңнан
астам қажылардың Арафат тауында және айтта барлығы бірге
қосылып бір сәтте: «Аллаһу әкбар!» деуі, бұдан мың
үш жүз жыл бұрын ардақты Пайғамбарымыз өзінің жақын дос-
жарандарымен бірге айтқан және бізге бұйырған «Аллаһу әкбар»
сөзінің белгілі бір мағынада жаңғырған дауысы ретінде Иләһи
рубубиятқа رَبُّ الْأَرْضِ және رَبُّ الْعَالَم۪ينَ яғни аспан мен жердің Раббысы деген Иләһи ұлық билікке ауқымды да күлли құлшылықпен жауап
беру болып табылады. Менің бұған қиялыммен, сезімдеріммен көзім
әбден жетті.


Сосын, «апырм-ай, осы киелі сөздің біздің мәселемізбен байланысы
бар ма?» деп ойландым. Кенет мынандай бір ой келді: бірінші болып
осы сөз, басқа да бақият-ы салихат яғни Лә иләһә иллаллаһ, әлхамдулиллаһ, Субханаллаһ
секілді көптеген шариғи сөздер жалпы яки жеке түрде мәселемізге
қатысы бар, оның шындық екеніне, жүзеге асатынына ишара етеді.

Мысалыға; «Аллаһу әкбар» сөзінің бір мағынасы, Аллаһ Тағаланың
құдреті мен ілімі бәрінен үстем, оның ілім шеңберінен ешнәрсе тыс
қала алмайды. Құдретті басқаруынан ешкім қаша алмайды, құтылу
әсте мүмкін емес. Сенің қатты қорыққан нәрсеңнен ол әлдеқайда
ұлы. Демек, хашрді жарату, бізді жоқ болудан сақтап қалу, мәңгі
бақытқа бөлеу оның құдретіне түк те емес. Ол бәрінен алып. Біздің
таңғалған, ақылымызға сыймай қиналған не нәрсе болса Ол одан да
шексіз үлкен.

Иә, مَا خَلْقُكُمْ وَلَا بَعْثُكُمْ اِلَّا كَنَفْسٍ وَاحِدَةٍ /Луқман, 31: 28,Сендердің жаратылуларың да тірілтілулерің де бір-ақ кісідей ғана. Расында Алла, аса естуші, тым көруші./

аятының ашық түрде дегеніндей адамзаттың хашрі яғни қайта-тірілуі бір түйір жанның қайта жаратылуы секілді құдретіне оп-оңай. Осыған орай,
бір үлкен бәлеге ұшырағанда, немесе алдына ұлы мақсат қойғанда
жұрт «Аллаһ ұлық! Аллаһ ұлық!» деп өзін жұбатады. Оны өзіне
қуат көзі, сүйеніш қылады.


Аса-й Мұса-253 бет