November 21, 2022

Үйім-дәрісханам

Ер, әйел, жас, кәрі мыңдаған Нұр шәкірттері, тіпті Нұр медресесіне айналған Сав ауылы мыңдаған қаламмен жылдар бойы Рисалей-Нұр кітаптарын көшіріп көбейтумен болды. Тіпті Хазіреті ұстазға келіп, «Ұстазым! Мен күйеуім атқарар дүниелік жұмыстарды да өзім істеймін, ол сізге көмектессін, Рисалей-Нұрға алаңсыз қызмет етсін» деп ерлердің Рисалей-Нұр кітаптарын көшіріп көбейтулеріне мүмкіндік туғызған әйелдер де болды. Кешке жақын күйеулеріне шам дайындап беріп, олардың иман жолындағы қызметтеріне демеу болған.

Бұрынғы заманда ақыретін дүниясынан жоғары санайтындар қоғам өмірінің ластығынан құтылу үшін және ақыретіне ықыласпен қам жасау үшін үңгірлерге, өзін қинап кіріп алып нәпсісін тәрбиелеп, оқшау өмір сүргені белгілі. Сол кісілер бұ заманда болса Рисалей-Нұр шәкірттері болар еді. Олай болса, әлбетте қазіргідей қысыл-таяң заманда ақыретін ойлайтындар олардан он есе мұқтаж және он есе
жоғары қасиет иеленуге мүмкіндік бар және он есе әлдеқайда жеңіл, рахат.

Әр бір адам, егер үйінде төрт-бес баласы болса, өз үйін шағын Нұр медресесіне айналдырсын. Егер жалғыз болса, араласып, жүрген көршілерден үш-төрт адам жиналып, тұрған үйлерін шағын Нұр медресесі ретінде қабылдасын. Ең болмағанда қолдары жұмыстан қалт ете қалғанда бес-он минут болса да Рисалей-Нұр оқысын, тыңдасын, жазсын, бір шама шұғылдансын. Сонда нағыз ілім іздеген шәкірттердің сауабы мен абыройына бөленіп қана қоймай, ықылас рисалесінде жазылған бес түрлі құлшылықты орындаған болады.

Ақиқат ілім іздеген шәкірттер сияқты, олардың да күн көріс қамымен жасаған қарапайым амалдары да құлшылық болып саналуы мүмкін, деген нәрсе еді жүрегіме жеткен... Мен де бауырларыма жеткізіп отырмын.

Науқас бауырларын

Саид Нұрси