Нұрлы дәрістер
Рисалей-Нұрдан шынайы иман сабақтарын алған және барған сайын көбейе түскен Нұр шәкірттерінің иманы күшейіп, Имани өжеттік пен Ислами батырлыққа қол жеткізуде. Бір батыр қолбасшының өз болмысымен жүздеген сарбаздарға күш-жігер беріп, рухтандырып жіберетіні сияқты, Рисалей-Нұрдың рухани тұлғасының уәкілі ретіндегі Саид Нұрси Хазірет, шынайы иман сабақтары арқылы имандары күшейген жүз мыңдаған, қазір тіпті миллиондаған Нұр шәкірттеріне бүкіл иманды жандарға тамаша үлгі болуда. Нұр шәкірттерінің осындай имани жігерлері және дінсіздерге қарсы күрестегі батырлықтары халыққа қатты әсер етті, оятып жіберді. Осылайша, халық арсындағы қорқыныш пен уайымды Рисалей-Нұр арқылы сейілтіп тастады. Халықты жігерлендіріп, үмітін оятты, мұсылмандарды үмітсіздіктен құтқарды.
Рисалей-Нұрды өмірлік қағидасына айналдырған бір Нұр шәкіртінде жүз адамға татыр күш-жігер болатыны және насихат айтушы жүз адамға татырлық Исламға қызмет ететіндігі ақиқатшыл жандарға аян. Нұр шәкірттері ұстаздарынан үлгі ала отырып, дінсіздердің аяусыз шабуылдары мен соққыларына, байбаламдарына, зұлымдықтарына, қапастарына мән бермей, қорықпай малын да жанын да әйел бала-шағасын да Рисалей-Нұр арқылы Иманға, Исламға қызмет ету жолында пида етті. Нұр шәкірттері бір ғана нәрсені мақсат тұтты «Иманды сақтап қалу үшін Исламиятқа Рисалей-Нұр арқылы қызмет ету». Осы мақсат жолында табысқа жету үшін, қолда бардың бәрін де осы қызметке қызметші етіп қойды.