достарға
June 22, 2020

Ұстаздарың қателеспейді емес. Оны қателеспейді деудің өзі қате.

Бауырларым, Сендерге ұстаз, шәкірт, сабақтас достар арасында пайдасы тиер бір әңгіме айтып берейін.


Сендер маған бір жағынан алғанда шәкіртсіңдер. Екінші жақтан
бір кітаптан сабақ алушы достарымсыңдар, ал, үшінші жақтан
алғанда көмекші, кеңесшімсіңдер.


Құрметті бауырларым. Ұстаздарың қателеспейді емес. Оны
қателеспейді деудің өзі қате. Бір бақтың ішінде шіріген бір алманың
жатуы, бауға зиянын тигізбейді. Көп қазынаның ішінде жазуы көмескі
бір ақшаның болуы қазынаның құнын түсірмейді. Бір жақсылықтың
онға тең болуы, ал жамандықтың бір күйінде қалуы сырына орай, бір
қате табылса қаншама игіліктерден жиренуге болмайды.
Менің қатемді байқасаңдар, бірден өзіме айтыңдар. Бұған мен қуанып қаламын. Тіпті, басыма ұрсаңдар да, Аллаһ разы болсын деймін. Ақиқатты ренжітпеу жолында басқаның ренжігені түк емес. Бұрын білмей жүрген бір ақиқатты Аллаһ ризалығы үшін қабыл көріп «төбемізге көтеруіміз» керек. Нәпсімізді қорғау үшін оларға қарсы шығып, сынаудың керегі жоқ.


Біліп қойыңыздар, бүгінгі таңда мына Иман жолындағы
қызметтеріміз өте маңызды. Бұл міндетті мен сияқты әлсіз ой-пікірі
шашыраңқы бір бейшараға артып қоюға болмайды. Қолдан келгенше
көмектесу керек.

Аса мейрімді Жаратушы Аллаһ екі жылдан бері өте маңызды
ақиқаттарға қатысты сәйкестіктерді көрсету арқылы зейінімізге
тәтті жемістер, миуалар сыйлағандай етіп жарылқап тастады. Бізге
мейірім төгіп, Құрани ақиқаттарды санамызға, рухымызға азық,
жеміс сыйлағандай етті. Құрма сияқты әрі жеміс, әрі азық болды.
Ақиқаттар мен әсемдіктер, ерекшеліктер біте қайнасып кетті.


Бауырларым, бүгінгі таңда, адасушылық пен мән бермеушілікке
қарсы аса күшті рухани күшке мұқтажбыз. Өкінішке орай мен өте
әлсіз, барынан айрылған біреумін. Бұл ақиқаттарды сол арқылы
дәлелдеп шығардай таңғажайып кереметтер көрсете алмаймын.
Жүректерді баурап алатын қасиеттерім де жоқ. Ой-сананы еліттіріп,
ертіп әкетер ақылдың кені, дана да емеспін. Құран Хәкімнің алдында
қайыршы, қызметшідеймін. Мына қырсық, бір беткей адасқандардың
қырсықтықтарын қойғызып, бетін бері қарату үшін, кейде
Құрандағы сырлардан көмек сұраймын. Құранның кереметі ретінде,
сәйкестіктерге байланысты Аллаһтың жарылқауларын сезіндім, қос
қолдап жармастым. Құраннан тамған «Ишаратул иғжаз», «Рисале-и Хашир» атты кітаптардан нақты ишараларды байқадым. Осыларға
ұқсас басқа қандай нәрселердің бар екенін білмеймін, меніңше бұлар
Құранның кереметтері.


195-б