Ой-пікір бостандығы
Егер тіпті қисынға келмесе де араға от тастаушылар мен домалақ арыз жазғыштар айтқандай, Рисалей Нұр үкіметтің саясаты мен кейбір заңдарына үйлеспейді, қарсы келеді екен делік. Саяси ұстанымы басқа, ой-пікірі басқа екен делік. Тіпті барлық рисалелер иман жайлы емес, саясат жайлы айтады екен деген жаланы қабыл еткеннің өзінде, айтар жауабым былай:
Мейлінше еркіндікте өмір сүрудің үлгісі Республикалық басқару, деп білесіңдер. Қазіргі үкімет те Республикалық басқарудың ең демократиялық түрін қабылдап отыр. Олай болса нақты дәлелденген, бұлтартпас ғылыми ақиқаттар мен ой-пікірлерге Республикалық басқарудың талаптарына орай, ғылыми ой-пікір бостандығын аяқ асты етіп, шектеу қоя алмайды. Қылмыс деп танымайды. Әрине қоғамның тыныштығын бұзбаса. Әлемде бір ғана саяси көзқарасты ұстанатын қандай үкімет бар. Ал жарайды, мен жасырын түрде өзімнің саяси көзқарасымды жазған екенмін делік. (Мүлдем қисынсыз болса да) Оларды өзімнің жақын достарыма көрсеткен екенмін делік. Мұны қылмыс деп білетін заңды естімеген екенмін.
Ал Рисалей-Нұр, Иманның нұры жайлы айтады. Саясаттың қараңғылығына батпайды. Өзін олай төмендетпейді.
Егер тіпті былай болса: Зайырлы Республикалық басқарудың мәнісін түсінбеген біреу былай десе: «Сенің жазбаларың дін туралы, дінсіз Республиканың принциптеріне қарсы келеді».
Жауабы: Зайырлы Республикалық басқару жүйесі дінді Үкіметтің істеріне араластырмау екендігін білеміз. Ал ойға келмес нәрсені айтып, дінді жоққа шығару, дінсіз болу дегенді ақымақ дінсіз ғана қабыл көреді. Әлемде ешқандай халық дінсіз өмір сүрген жоқ. Түрік халқы әлемдегі санаулы халықтардың бірі. Әлемдегі Түріктердің бәрі де мұсылман. Басқа мұсылман халықтардың аз да болса басқа дінді ұстанатындары бар. Мұндай дініне берік және мың жылдан бері Хақ діннің айбынды әскеріне айналған, бүкіл әлемге ұлтының мақтан тұтар ерекшеліктерін миллиондаған діни оқиғалар арқылы көрсетіп берген және қылышының ұшымен өз тарихын жазған бұл берекелі халықты «Дінді жоққа шығарып, дінсіз болады» деп кінәлаушы, өтірікші, дінсіз, тексіздер ауыр қылмыс жасайтындығы сонша, тозақтың түбіндегі әсфел-і сафилинде жазасын тартуға лайық болады.
Ал Рисалей-Нұр, діннің экономикалық, қоғамдық өмірдің заңдылықтарын да қамтитын кең шеңбері жайлы айтпайды. Оның ең негізгі тақырыбы, бағыты діннің ең негізгі іргетасы болған Иманның ұлы ақиқаттары жайлы.
Сондай-ақ мен сөздерімді ең әуелі өз нәпсіме арнаймын. Одан кейін Европалық Философтарға. Мұндай киелі мәселелер дұрыс айтылып жатса әрине, олардан зиян келеді деп уайымдайтын тек шайтандар ғана деп ойлаймын. Тек үш-төрт рисаледе мемлекеттік қызметкерлерге сын айтылады. Бірақ ол рисаледегі сөздер үкіметке қарсы шығу, сынау үшін айтылған жоқ. Маған зұлымдық жасаған және қызметін асыра пайдаланған адамдарға арналады. Кейін қате түсініктерге жол ашпасын деп, сол үш-төрт рисалеге «Басқаларға бермесін» деп, көбейтілуіне тиым салынды. Басқа рисалелердің басым бөлігі төрт-бес жыл бұрын, кейбіреуі сегіз жыл бұрын, кейбіреуі он үш жыл бұрын жазылған. Үнемділік Рисалесі, Қарттар рисалесі, Науқастарға арнау рисалесі өткен жылы жазылды.