«Бұл ұйымды құру үшін ақшаны қайдан алдыңдар?»дейді.
Тергеушіге және алқа билерге айтарым! Алдыңғы берген жауаптарыма қосымша ретінде үш нәрсені айта кетейін. Біріншісі: Бізді қатты таңғалдыратын нәрсе, бізді кінәлауға бір себеп табылып қалардай, біз бір ұйым құрып алғандай, орынсыз сұрақтарды қасақана сұрайды.
Жауап: Маған осындай сұрақ қойғандарға менің де сұрағым бар. Сендер айтқандай саяси ұйым құрғандығымыз жайлы қандай дәлел, құжаттарың бар? Мұндай ұйым құруға ақша жұмсағандығымыздың дәлелі бар ма? Мен он жылдан бері Спарта Уәләятында қатаң бақылауда отырамын. Бір-екі досым мен он күнде бір өтетін бір-екі жолаушыдан басқа адам көрмеген, ғаріп, жалғыз, бұ дүниеден теріс айналған, саясатты жек көретін, қанша рет саясаттың теріс әсерлеріне куә болған, өз елінде мыңдаған достарының ортасында жүріп, саясатқа араласуға өте ыңғайлы сәттерде де саясаттан жиіркене қашқан және иманды сақтап қалу деген асыл мақсатқа саяси текетірестер арқылы қандай да бір кедергі туындауын аса ауыр қылмыс деп білетін, және ондай нәрселерден шайтаннан қашқандай қашып,айланың ең үлкені айла жасамау деген ұстаныммен өмір сүріп келе жатқан адамның, он жылдан бері Спарта Уәләятының өз ісін жақсы білетін бақылаушы, тыңшыларына сездірмей жүруі мүмкін бе?
«Жасырын ұйым құрып алып, саяси әрекеттер жасап жүрсің» дегендерге тек мен ғана емес, бүкіл Спарта Уәләяты және мені танитындардың бәрі де тіпті, аз ғана ақылы, ар-ожданы бар адамдардың бәрі де қарсы шығып, “мұндай қара ниет ойларыңмен оны айыптай алмайсыңдар” дейтін болар...