October 19, 2023

 Ислам әлемі деп аталатын алып мешітке жарты ғасырдан кейін жиналатын туысқандарым!

Ислам – хақ дін. Рухани да, материалдық жақтан да дамуға болатын кемел қасиеттері бар.Бұл сөздерді өзім сабақ алып, көз жеткізген дәлелдерге сүйене отырып айтамын. Сол дәлелдердің ішінен кіріспесімен қоса алғанда бір жарым дәлел айта кетейін:

Бірінші жағы рухани даму: Болған оқиғаларды тіркеп отыратын
тарих – шындықтың куәгері. Тарихтан көріп отырғанымыздай,
орысты жеңіп шыққан жапонның Бас Қолбасшысының Исламның
хақ дін екеніне куә болған жері былай еді: «Ислам ақиқаттарында
күш-қуат бар. Ал мұсылмандар сол күшке арқа сүйеп, амал ету
дәрежелеріне қарай дамығандығына тарих куә. Сондай-ақ, тарих
мұсылмандардың Ислам ақиқаттарына салғырт қарауының
дәрежесіне қарай мәдениеттен жұрдай болып, төменгі деңгейлерге
түсіп, тоз-тозы шығып кететініне және жеңілістерге ұшырап
отыратындығына да куә. Басқа діндердегі жағдай бұған керісінше».
Егер біз Исламдағы көркем мінезді және Иман ақиқаттарын
ісімізбен көрсете алсақ, басқа діндегілер топ-тобымен Исламға кірер
еді. Тіпті, көптеген мемлекеттер Ислам дінін қабылдар еді.

Екінші жағы: Исламның материалдық жақтан да алға шығатыны.
Болашақта Исламият материалдық тұрғыдан да билік жүргізетін
болады. «Бірінші жақта» Исламның рухани тұрғыдан алға шығатыны
дәлелденген болса, «Екінші жақта» материалдық жақтан дамитынын
көрсетеді. Өйткені, Ислам әлемінің рухани болмысына бес түрлі күш
бірігіп, біте қайнасып тұр.
Біріншісі: Бүкіл кемелдіктердің ұстазы - үш жүз жетпіс миллион
адамды бір кісідей етіп, шынайы мәдениет арқылы ақиқатқа сай
ілімдерді бойына сіңірген, ешқандай күш жеңе алмайтын Ислам
ақиқаттары.
Екіншісі: Мәдениет пен өнердің шынайы ұстазы, дамуға себеп
боларлық заттармен жабдықталған мұқтаждық пен бел шешіп
отырғызбайтын пақырлық та үлкен күш. Бұлар тоқтаусыз итермелей
беретін күш.
Үшіншісі: Адамзатты жоғарғы мақсаттарға жетелеп, сол жолда
еңбек еткізетін, езгіге көнбейтін және ұлы сезімдерді оятып,
жаңашылдыққа жетелейтін, мәдениетке ұмтылдыратын үшінші күш
Шариғаттағы еркіндік. Яғни, адамгершілікке лайық, ең жоғарғы
кемелдікке деген ұмтылыс.
Төртіншісі: Мейірімділікті бойына сіңірген имани батырлық.
Яғни, ешқашан пәс түспеу. Залымдардың әділетсіздігі алдында
қорқақтық танытпау. Зұлымдыққа ұшырағандарға да зорлық
көрсетпеу. Яғни, шариғи еркіндіктің негіздеріне сай, диктаторларға
жағымпазданбау, байқұс-бейшараларға да үстемдік жасап, тәкаппар
болмау.
Бесіншісі: Ислам құндылықтары. Әлемге Аллаһтың әмірлерін
паш етуде. Қазіргі таңда Ислам құндылықтарын паш ету, шынайы
мәдени құндылықтарды дамыту және материалдық тұрғыдан алға
өрлеу арқылы болмақ. Бұрынғы кезде Исламның дамуы, жаудың
сағын сындыру, шабуылдарын тойтару арқылы, яғни қарудың
күшімен, қылыштың жүзімен болған еді. Болашақта қылыштың
орнын нағыз мәдениеттің дамуы, экономикалық өрлеу басады және
жауды ақиқаттың рухани қылышы жеңетін болады.