Moodle және Webex жүйелері бойынша нұсқаулық
Мақаланы SDU '27 | info дайындаған
Moodle
Moodle деген не?
Moodle - бұл барлық пәндер бойынша ақпаратты бір жерде сақтау арқылы оқу процесін жеңілдететін электрондық оқыту жүйесі.
Moodle арқасында студенттер лекция материалдарын көре алады, тесттер/тапсырмалар тапсырып, өтілгендерінің бағаларын көре алады.
Оқу кезінде сіз Moodle - мен жиі жұмыс жасайсыз, сондықтан порталды талдап көрейік.
Кіру
Жүйеге кірген кезде логин мен пароль сұралады. Барлық жүйелер мен SDU порталдарына - бір логин мен пароль.
Логин - студенттің ID нөмірі, құпиясөз - порталдікімен бірдей.
Dashboard / Бастапқы бет
Бұл беттен сіз қажетті пәннің бетіне (қазіргі немесе өткен семестрлердегі) кіре аласыз, онлайн пайдаланушылардың тізімі мен хабарламаларды көре аласыз, сонымен қатар тапсыру мерзімі жақындап қалған тапсырмалар көрсетіледі.
Егер сіз профиль белгішесін таңдасаңыз, сіз "Profile", "Grades", "Preferences" және "Log out" сияқты элементтерді көресіз.
Сол жақ жоғарғы жақтан мәзірге және іздеу бөлімшесіне өтуге болады.
Пән беті
Қажетті пәнді таңдаған соң сіз соның парақшасына өтесіз. Ол парақшаны оқытушы жүргізеді. Пәннің әр бөлімі үшін - жеке бет.
Егер сізде бір пәннің практикалық және теориялық бөлімдерін әртүрлі мұғалімдер жүргізсе, әр бөлім бойынша мұғалімдердің жеке парақшалары болады.
Пән бетіне оқытушы силлабустар мен оқулықтарды сала алады. Сізге ыңғайлы болу үшін бет оқу апталарына бөлінеді, соның арқасында сіз қажетті аптаның материалын тез таба аласыз.
Profile / Профиль
Профиль белгішесін, содан кейін ашылмалы тізімнен аттас элементті таңдау арқылы профильге өтуге болады.
- Edit Profile (Профильді өзгерту) - профиль фотосуретін өзгертуге, өзіңіз туралы қосымша ақпарат қосуға мүмкіндік береді.
- Course Details (Пәндер туралы мәлімет) - сізге қолжетімді пәндердің тізімі.
Grades / Бағалар
Егер тақырып немесе оның тапсырмалары онлайн өтетін болса, Moodle-дың ең маңызды беттерінің бірі. Ол қолжетімді пәндер тізімі мен семестрдің жиынтық бағаларынан тұрады.
Пәнді таңдағаннан кейін сіз барлық тапсырмалар үшін алған бағаларыңызды, жалпы бағадан тапсырманың алатын пайызын көре аласыз немесе жұмысыңызға өте аласыз.
Webex
Webex деген не?
Webex - онлайн жиналыстар өткізуге мүмкіндік беретін жүйе. Осы жүйеде сіздердің барлық онлайн сабақтарыңыз жүргізілетін болады.
Webex қосымшасын орнату
Жүйені қолдану үшін қосымшаны компьютерге немесе смартфонға орнату керек.
Сондықтан, пән онлайн жүргізілетінін білсеңіз - алдын ала қосымшаны орнатып, дайындап қойған абзал.
Қосымшаны орнату үшін ресми сайтқа кіріп, қажет құрылғыны таңдау қажет.
Аккаунтқа кіру
- Қонақ ретінде кіру (Login as a guest) - сабаққа кірер алдында мұғалімнің растауы қажет.
- СДУ тарапынан берілген электронды пошта арқылы - мұғалім растауы қажет емес.
Егер сабаққа "қонақ" ретінде кіретін болсаңыз, аты жөніңізді толық жазуға кеңес береміз. Бұл мұғалімнің сабаққа қатысым тексеруін жеңілдетеді.
Сабаққа кіру
Сабаққа кіру үшін келесі құрылымды қолдана аласыз (шаршы жақшаларсыз):
https://onlinesdu.webex.com/meet/[name].[surname]
https://sdu.webex.com/meet/[name].[surname]
Мысалы: https://onlinesdu.webex.com/meet/raiymbek.azharbayev. Мұғалімнің аты-жөнімен.
Сонымен қатар, мұғалім электронды поштаға жіберген жиналыс кодын/сілтемесін қолданып кіре аласыз. Екі жағдайда да бір сілтемеге кіресіз.