Enroll толтыру бойынша нұсқаулық
Маңызды!
- Егер сізден бірдеңені жүктеуді сұрайтын болса, ол жерге JPG, PNG, JPEG форматтағы бейнені жүктеу қажет. PDF, DOCX сияқты форматтар қабылданбайды.
- Егер сізде бірнеше сурет болып, тек бір бейнені жүктеу қажет болса, фотоколлаж форматында жүктеп көріңіз.
- Егер сізде PDF немесе басқа форматтағы файл болса, https://ilovepdf.com/ веб-қосымшасын қолданып көрсеңіз болады.
- Егер әлі де enroll толтырумен қиындықтар болса, администратормен байланыссаңыз болады https://t.me/raiml
Негізгі деректер
Жеке деректер
*Профиль фотосы: Өзіңіздің 3х4 форматтағы фотоңызды жүктеңіз. Сурет нақты және жақсы жарықтандырылған болуы керек.
*Аты (латын әрпімен): Атыңызды латын әпімен енгізіңіз. Мысалы: Yenglik.
*Тегі (латын әрпімен): Тегіңізді латын әрпімен енгізіңіз. Мысалы: Suleimenov.
*Аты (кирил әрпімен): Атыңызды кирил әрпімен енгізіңіз. Мысалы: Еңлік.
*Тегі (кирил әрпімен): Тегіңізді кирил әрпімен енгізіңіз. Мысалы: Сулейменов.
*Әкесінің аты (кирил әрпімен): Әкеңіздің атын кириллицада енгізіңіз. Мысалы: Ержанұлы.
*Туған күні: Туған күніңізді енгізіңіз.
*Ұлты: Өз ұлтыңызды енгізіңіз.
*Жынысы: Жынысыңызды енгізіңіз.
*Отбасылық жағдайы: Бойдақ немесе тұрмыста.
*ЖСН: ЖСН жеке куәліктегі суретіңіздің төменгі он жағында орналасқан.
Төлқұжат деректері
*Құжат түрі: Жеке куәлік / Туу туралы куәлік / Паспорт.
- Жеке куәлік болса:
- *Құжат нөмірі: Нөмір жеке куәліктің артқы жағында, жоғарғы оң жақта, 9 санның тіркесімі ретінде орналасқан.
- Паспорт болса:
- *Құжат нөмірі: Төлқұжат иесінің жеке деректері бар бетте (артқы парақ) паспорттың сериясы мен нөмірі жоғарғы оң жақ бұрышта орналасқан.
- Туу туралы куәлік болса:
*Берілген мекеме: Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі / Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі / Басқа.
*Берілген күні: Құжатыңыздың берілген күні.
*Құжат суретін жүктеу: Құжатыңыздың фотосын жүктеңіз.
Білім беру бағдарламаларын таңдау
Мамандықты таңдау
*Білім беру бағдарламасы: Мамандығыңызды таңдаңыз.
Мектеп туралы деректер
*Ел, облыс: Мемлекетіңізді және облысыңызды таңдаңыз.
*Мектеп: Мектебіңізді таңдаңыз. Егер сіздің мектебіңіз тізімде жоқ болса, тізімнің ең төменгі жағындағы «Басқа» тармағын таңдаңыз.
*Тіл: Мектебіңіздегі оқыту тілін таңдаңыз.
*Аттестат түрі: Алтын белгі / Үздік аттестат / Аттестат / Үздік диплом / Диплом
*Аттестат сериясы: ЖОБ / ТКМ / ЖМ / Басқа.
*Аттестат нөмірі: Аттетаңыздың нөмірін енгізіңіз.
Аттестат ұпайы: Аттестат ұпайы барлық бағалардың қарапайым арифметикалық орташа мәні болып табылады. Бұл қосымша өріс болып табылады.
*Берілген күні: Аттестатыңыздың берілген күнін таңдаңыз.
*Сурет жүктеу (аттестат + қосымша): Аттестат пен бағаларыңыздың фотосын жүктеңіз (егер бар болса). Сурет анық және жақсы жарықтандырылған болуы керек.
Сіз оқыған білім беру орталығы
❗️ Егер сіз еш жерде оқымаған болсаңыз, бұл бөлімді өткізіп жіберуіңізге болады.
Мемлекет, Түрі: Білім беру орталығының орналасқан елін және түрін таңдаңыз.
Білім беру орталық: Сіз оқыған оқу орталығын таңдаңыз.
Сертификатыңызды растау үшін суретті жүктеп салыңыз: Куәліктің бейнесуретін жүктеп салыңыз (бар болса). Сурет анық және жақсы жарықтандырылған болуы керек.
Университетке қабылдау емтиханы деректері
Егер сізде университетке қабылдау емтиханы болса:
- *Жазба нөмірі: сұхбат нәтижесінің нөмірі.
- *Шығарылым күні: сұхбат нәтижесі шығарылған күн.
- *Сұхбат нәтижелерінің суретін жүктеп салу: Сұхбат нәтижесінің фотосын жүктеңіз. Бейнесурет анық және жақсы жарықтандырылған болуы керек.
- *ТЖК/ИКТ: Сіздің сертификатыңыздың нөмірі.
- *Ұпай: Жиналған ұпайлар саны.
- *Берілген күні: Сертификатыңыздың берілген күні.
- *ҰБТ сертификатының суретін жүктеу: Сертификатыңыздың суретін жүктеңіз. Фотосурет анық және жақсы жарықтандырылған болуы керек.
Жетістіктер
Осы тізімнен бір жетістікті таңдаңыз: SPT placement / Халықаралық SPT / Ішкі олимпиадалардың жеңімпаздары
Ағылшын тілі емтиханының нәтижелері
Осы тізімнен біреуін таңдаңыз: English Language / IELTS
Байланыс және орналасу жері
Байланыстар
Кем дегенде бір контактіні қосыңыз: ұялы телефон нөміріңізді немесе электрондық поштаңызды енгізіңіз.
Тұрғылықты мекенжай: Тіркелген жеріңіздің толық мекенжайын енгізіңіз. Тіркелген жеріңізді білмесеңіз, egov-тан қарап тексеруіңізге болады.
Қазіргі мекенжай: Сіз тұратын жердің толық мекенжайын енгізіңіз.
Туған жері: Туған жеріңіздің толық мекенжайын енгізіңіз.
Туыстар туралы деректер
Кем дегенде бір туысыңызды қосыңыз, ол сіздің ата-анаңыз, қамқоршыңыз, ағаңыз, әпкеңіз немесе басқа біреу болуы мүмкін.
Тіркелу
- Анықтама №075: Анықтамаңыздың фотосын жүктеңіз.
- Бірінші семестр оқу төлем ақысының чегі (тек ақылылар үшін): Төлем түбіртегінің фотосуретін жүктеңіз.
- Студенттік жарнаның төлем чегі (45 000 KZT): Төлем түбіртегінің фотосуретін жүктеңіз.
- Grant Certificate: Сертификатыңыздың фотосуретін жүктеңіз. Білім беру грантын тағайындау туралы куәлікті https://grant.testcenter.kz/ парақшасынан жүктеп алуға болады.