MYSDU порталы бойынша нұсқаулық
MYSDU порталы - студенттерге арналған ақпараттық жүйе, сонымен қатар курстарға жазылу жүйесі.
MYSDU порталын пайдалана отырып, студенттер өздерінің оқу жоспары туралы ақпаратқа қол жеткізе алады, сабаққа жазыла алады, студенттік шотын көре алады және жеке ақпаратын жаңарта алады.
Сайтқа кірген кезде, сол жақта сіз қолжетімді бөлімдердің тізімін көре аласыз. Әр бөлімді ретімен талдап, басты беттен бастайық.
1. Басты бет / Home Page
Студент туралы негізгі ақпарат осы бетте орналастырылған. Қандай да бір өзгерістер болған жағдайда ақпаратты жаңарту қажет. Өзгерістер куратордың (эдвайзердің) мақұлдауынан кейін ғана енгізіледі.
Студенттер әр семестрдің басында тіркелу кезінде порталдағы жеке ақпараттарын жаңартуға міндетті.
2. Курсқа тіркелу / Course Registration
Курсқа тіркелу мерзімі SDU порталында және веб-сайтында, сондай-ақ Telegram арнасында орналасқан академиялық күнтізбеде көрсетілген:
Әр семестрде студент 20-дан 40 ECTS кредитіне дейін жинауы керек, 30 ECTS кредитін алу ұсынылады.
3. Бас тарту / Withdrawal
Студентке белгілі бір курстан жеке бас тартуға мүмкіндік беретін опция. Withdrawal екі түрге бөлінеді:
- Early Withdrawal — семестрдің 6-шы аптасынан бастап қолжетімді ерте бас тарту (шамамен бірінші аралық бағалаудан кейін). Курс құнының жартысына тең
- Late Withdrawal — семестрдің 10-шы аптасынан бастап қолжетімді кеш бас тарту (файналдарға 1-2 аптаға жуық уақыт қалғанда). Курстың толық құнына тең
Withdrawal-ды төлегеннен кейін, келесі семестрде оны қайта алу үшін курстың толық құнын төлеудің қажеті жоқ.
4. Оқу бағдарламасы / Curricula
Мұнда сіз толық оқу бағдарламасын және басқа білім беру бағдарламаларындағы әр курстың ақпаратын көре аласыз.
5. Менің оқу бағдарламам / My curriculum
Мұнда сіз өзіңіздің білім беру бағдарламаңызағы әр курстың толық оқу бағдарламасы мен ақпаратын көре аласыз.
- Осы парақшада сіз:
- сіздің өтілген және өтілмеген курстарыңызды;
- кез келген курстағы кредит санын;
- алған бағаңызды;
- белгілі бір курстың бағдарламасын біле аласыз.
- Бағандардың атаулары және олардың мәндері:
- course code – пәннің/курстың кодтық атауы
- name – пән/курс атауы
- teor – аптадағы теориялық сағаттар саны
- pr – аптадағы практикалық сағаттар саны
- qu – аптасына жалпы сағат саны
- ects – кредиттер саны
- grade – қорытынды баға
- requisites – белгілі бір пәннің/курстың пререквизиттері. Тінтуірді PR-ге бағыттап, белгілі бір пәнді/курсты таңдау алдында қандай пәндерді/курстарды жабу керектігін көре аласыз.
- status – пәннің/курстың қолжетімділігін көрсетеді
- Syllabus – белгілі бір пәннің/курстың силлабусын қарау
6. Транскрипт / Transcript
Студенттің академиялық мансабында алған курстары мен бағаларының тізімін қамтитын бет.
7. Бағалар тізімі / Grades List
Бұл бетте таңдалған курстар үшін қазіргі бағалардың тізімі көрсетіледі (тек қарау мүмкіндігі бар). Аралық және қорытынды бағалар көрсетілуі мүмкін.
8. Курстар кестесі / Course Schedule
SDU ең алдымен студенттердің қамын ойлайды, сол үшін әр студент порталда өз сабақ кестесін құрастыра алады.
Бұл парақшада сіз өзіңіздің жеке және мамандығыңыз бойынша курстардың кестелерін қарай аласыз.
- курс қайда және қашан болатыны жайлы;
- бөлім коды қандай екені;
- курс оқытушысы жайлы ақпарат алуыңызға болады.
9. Бухгалтерлік ақпарат / Accounting Info
Портал жүйесі студенттерге төлем ақпаратын бақылауға мүмкіндік береді, яғни артық төлемдерді немесе қарыздарды есептей және басқара аласыз.
10. Сабаққа қатысу / Electronic Attendance
Студенттердің сабаққа қатысу үлгерімін өздері порталдан қадағалап отыруы өте маңызды, өйткені бұл олардың академиялық тәжірибесіне тікелей әсер етеді, яғни барлық академиялық сағаттардың 30 пайызына қатыспағаны үшін студент курстан босатылады.
11. Жүйелік күнтізбе / System Calendar
Жүйелік күнтізбе - бұл оқу жылында болатын барлық оқиғалардың кестесі. Бұл оқиғалар күндерді қамтуы мүмкін; атап айтқанда, емтихандар, курсқа тіркелу, бағалау, сондай-ақ курстардан ерте және кеш босатылу (withdrawal) күндері.
12. Университетке кіру жазбалары / Gate Entry Records
Университетте болған уақытты, кіру және шығу уақытын және ұзақтығын көрсетеді.
13. Онлайн-қызметтер / Online Services
Транскрипт, оқу орнынан анықтама (ЖОО), №2-1, №3, №4, №6 анықтамалар және т. б.
Бұл құжаттар семестрде бір рет қана беріледі және сұратудан кейін 3 жұмыс күні ішінде тегін ресімделеді. Қосымша сұраулар төленеді.
Порталда сертификат алу ережелері:
- Сізге қажет сертификат түрін таңдаңыз;
- Әр сертификатқа аптасына 1 рет қана тапсырыс беруге болады;
- Егер сізге сертификаттың түпнұсқасы немесе транскрипт қажет болса:
- Сіз университеттен жұмыс күндері сағат 14:00 - ден 17:00-ге дейін ала аласыз (демалыс күндері жұмыс істемейді)
- Туыстарыңыз, достарыңыз сіз үшін алып кету мүмкіндігі бар
- Өңдеулер: