шушшаша
March 8, 2023

Сәкен өткен Тар жол

Сәкен Сейфуллин - XX ғасырдағы ықпалды қазақ тұлғасы. 44 жыл қысқа ғұмырында қазаққа өзінің қайсарлығымен қызымет қылған қазақ коммунисті, қазақтың тұңғыш ұлт жанды - большевигі. Сәкен Сейфуллиннің таңдыры қиын һәм терең. Бастауыш сыныптарда мүлде мән бермейтін тұлғаны өсе келе бас изіп,құрметтейді екенсің, солардың бірі ХХ ғасырдың сері тұлғасы - Сәкен Сейфуллин. Мақалада біз Сәкеннің таңдаған жолын, еңбегін және Сәкен тарапына жиі айтылатын "мифтер" мен Сәкеннің шыныменде жасаған игі істерін тілге тиек етеміз.

Сәкен жалпы Қарағанды облысында 1984 жылы туған. Шын есімі - Сәдуақас. Балалық шағында бай таптардан көп қысым көріп өскен Сәкен "пролетариат" болып қалыптасты. 21 тамыз 1913 жылы Сейфуллин Омбы педагогикалық семинариясына келді, онда ол Мағжан Жұмабаевпен оқыған. Ол "Айқап" газетасына өз мақалаларын жазып отырған. "Айқап" журналында қарашадағы санында (№ 21) Сәкен Сейфуллин өзінің алғашқы мақаласын жариялады. Сол уақыттан бастап, ол Омбы қаласының охранкасының назарына ілігеді. 1914 жылы Сәке Омбыдағы "Бірлік" ұйымының негізін қалаушысы болды, онда жас қазақ оқыған зиялылары болды. Мысалы Мағжан Жұмабаев, Смағұл Сәдуақасов және т.б. Ол сол кездегі "пример-министр" лауазымана тағайындалған алғашқы қазақ зиялыларының бірі болды(1920-25 ж. Халық Коммисарлар Кеңесінің Төрағасы) 1917 жылы Бұғылыда мектеп ашып, орыс тілінен сабақ берген. 

Қазіргі қоғам пікір алмасатындай мәліметтерді жақсы көреді, бұл белгілі тір тұлғаның саяси бағыттарына байланысты болуы мүмкін, яғни қоғам белгілі бір тұлғаның әдебиеткен қосқан үлесін емес, саяси істеріне көп назар аударады, Сәкен де сол талқылаудың "құрбаны" болған адам десек де болады, себебі сол дискуссияның әсерінен Сәкенге көптеген өзі жасамаған нәрселерді жасады деп жатады, бұл тарихымыз көптеген ақтаңдақтарды қалдырары сөзсіз. Сондай "мифтердің" бірі "Сәкен Сталинге өтірік данос жазып, "қазақты өзі басқара алмайды" деп айтқан , солай алаштықтарды биліктен қуған, тіпті талай архивте 37 беттік даностар бар" деген өтірік қау-өсет. Тіпті бұны қайдан алғанын өзім де білмеймін, мүмкін сұқбаттардан яки өтірік "Сәкентанушылардың" айтқаны болар. Әйгілі Сәкентанушы Марат Әпсеметов бұл пікірді жоққа шығарды. Сәкенді көп жыл зерттеген ғалым, бұндай даностарда, алаштықтарды жамандауда болған емес деп жазады. Бұны "Сәкен Сейфуллин - председатель Совета народных комиссаров Казахстана" документалды кітабынан байқауға болады.(пікірді емес дәлелді)

Тағыда өтірік жала жабудың бір нұсқасы ол мынадай " Сәкен Сталинге өтірік данос жазған соң Халық Комиссарлар Кеңесінің Төрағасы болды және билік басына содан кейін Голощекин келді" дейді. Біз білетіндей Сәкен даносты 1923-25 жыл аралығында жазды, ал ХКК-нің төрағасы болып 1920 жылы сайланды, яғни ол жіберген хаттан бұрын төрағалық еткен. Сонда ол Сталинге не деп хат жазды?Ол хатында білімін нығайту жөнінде және "Ақтар" мен "Қызылдарға" көзқарасын айқан болатын, ал ол кезде өз пікірін айту заңды болып саналды.

Қазіргі таңда көпшіліқ қазақ қауімі Сәкен " қазақ " деген тарихи атауымызды қайтарды деп біледі, алайда олардан дәлел сұрасаң жауап жоқ. Сондықтан мен тарихи атауымызды кім қайтарды деген сұраққа өз нұсқамды айта өтсем. Білетініміздей Қазақ автономиясы 1925 жылға кейін ҚырғызАКСР деп аталып келген болатын. Солай 1925 жылы 5 жылпы қазақ съезі өтеді, ол жерде Ахмет Байтұрсынұлы "қызғыз" деген аттты "казак" деген атауға өзгертуге ұсыныс жасайды. Жиналған қауім Ахаңды құптайды және сол жылы "қырғыз" деген атау "казакка" өзгертіледі және біз одақта ҚазақАКСР-ы болып қалыптасамыз, ал 1936 жылы "казак" деген атау "казах" дегенге өзгертіледі.

Ахмет Байтұрсынұлының жазған ұсынысы

ХХ ғысардағы қазақ тұлғаларының бағыттары әр түрлі болды, біреулеру "Буржуазия" арқылы билікке келгісі келген болса, біреулері "социалисттік" жүйе арқылы билікке келгісі келді. Олардың бағыты әртүрлі болса да мақсаты бір олды, ол-қазақ халқын көтеру. Алайда бұл бағыттар кейде өзара түсініспеушілікке әкелген болатын. Сәкен өз романанда, тар жол, тайғақ кешуде алаштықтардың бағытына өз наразылығын айпақ болған сыңайлы, тек қана оларға емес, байларғада.


Сәкен қазақтың батырын Аманкелдіні алаштың әскері өлтірді деп айып таққан болатын.(Тар жол, Тайғақ кешу романында)

(Отрывок)

Бұл "Тар жол, Тайғақ кешу" Сәкеннің алашордашыларға деген тікелей көзқарысы бойынша жазылған,яғни жіберілген аргументтердің бәрі бірдей шындыққа жанаспауы мүмкін, сол себепті ешқашанда бұл жіберілген мәліметтерді дискуссияда пайдалануға болмайды❗❗❗❗Біз бұл үшін Сәкенді азғыра алмаймыз, себебі жаңа айтып өткенімдей бәрінің бағыттары бірдей болмайды. Бірақ неліктен Сәкен байларды сонша жек көрді?


Коммунисттік идея "байларды" басынан-ақ ұнатпаған. Карл Маркс елді дамытатын жұмысшылар деп білді, ал бай, кедей қоғамында жұмысшылдар тек пролетариат қана болды. Пролетариат дегеніміз - байларға жұмыс жасайтын, алайда табыс таппайтын адамдар. Бұл нағыз әділетсіз қоғам. Сондықтан Маркс бұндай қоғамды жек көрді және ол пролетариаттар наразылыққа шықса империя құлайтынын әу-бастан-ақ түсінді. Танымал революцонерші Ленин Маркстың идеясын түсінді және ол бұл теорияны практикаға айналдырғысы келді, алафда бұл теріс нәтижеге апарды. Иә, теріс нәтиже деген де болады екен. Солай Ленин Ресей Империясына үлкен өзгерістер әкелді және бұны Сәкен қолдады.

Сонымен қатар ХХ ғысардағы басты аялардың бірі "Тіршілік" газетасы. Оның ресми редакторы Рахымжан Дүйсенбаев болды,ал идеялық жетекшісі және негізгі авторы Сәкен болды. Бұл газетте революция туралы афтылатын болды, қазақ жастарын кеңестік идеологияға тартты, оларды білімге шақырды, өз тобырына қосқысы келді. Жоғарыда көрсетілгендей "қазақ" газетасымен "Тіршілік" газетасының арасында кейде иық қақтығыстар болды, бұның бәрі идеологиялық әртүрліліктен туындаған жанжал десек те болады, бірақ бұның бәніне сене беруге болмайды (Тар жол, Тайғақ кешуге) себебі Сәкен Алашордашыларды өте қатты құрметтеген.

Сәкенді қазаққа қызымет қылды деп езуім талсада айта беруші едім. Сәкен 1922 жылы совнаркомда болғандаалаш көсемі А.Байтурсыновты наркомпросқп қызыметке ұсынған, 1923 жылы орынборда үкімет мүшелерінің қарсылығына қарамай қазақ халқын бай мен кедей бөлмей, намысын бірге жыртты, жоғын бірдей жоқтады. Ахметке арнап "Ахан" деп оның 50 жас мерей тойын өткізді. Сонымен бірге сол жылы 22 қарашада Орталық Атқару Комитеті Сәкеннің қазақ тілінде кеңсе істерін жүргізуін талап еткен.Ол Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне өңдеу жұмыстарын жүргізген. Қазақтың мың ән-күйін жинатқызған. Жер-жерлерден қазақ мектеп ерін ашқызған. 1922-24 жылдары 3 мың шәкіртақы дайындап, қазақ жастарына тегін білім алуға мүмкіндік жасаған. Қазына,қаржысының тең жартысын халықты сауаттандыру мақсатынада оқу-ағарту ісіне жұмсап отырған. Талай қанатты жастарды өз үйінде тұрғызып, оқытып, талай бұлақтың көзін ашқан. Бұның бәрі есімізде болуы керек. Бұндай мың жылда бір туар азаматтарымызды барынша ұлықтауымыз қажет, оларға қарсы шыққанша оларды аспандату қажет. Оның жасаған жүзден бірін жасау біздің қолымыздан келеді деп айту қиын, себебі ол кез нағыз оттың ортасы болған болатын. Сол себепті Сәкен қазақтың ыңпалды қазақ зиялысы болып қалады.

Источник: ^Марат әпсеметов "Сәкен Сейфуллин председатель Совета народных комиссаров Казахстана"                        ^Тұрсынбек Кәкішұлы 10 томддық "Сәкен" еңбегі           ^Тар жол, Тайғақ кешу романы             ^Сәкен Сейфуллин: «Мен Сәбит Мұқановты адам етіп едім. Ол мені осындай күйге душар етті. Жазықсыз басыма бәле салды»                                  

Қосымша:


«АЛАШ» ХАННЫҢ ҮЙІНДЕ