
Сәкен Сейфуллин - XX ғасырдағы ықпалды қазақ тұлғасы. 44 жыл қысқа ғұмырында қазаққа өзінің қайсарлығымен қызымет қылған қазақ коммунисті, қазақтың тұңғыш ұлт жанды - большевигі. Сәкен Сейфуллиннің таңдыры қиын һәм терең. Бастауыш сыныптарда мүлде мән бермейтін тұлғаны өсе келе бас изіп,құрметтейді екенсің, солардың бірі ХХ ғасырдың сері тұлғасы - Сәкен Сейфуллин. Мақалада біз Сәкеннің таңдаған жолын, еңбегін және Сәкен тарапына жиі айтылатын "мифтер" мен Сәкеннің шыныменде жасаған игі істерін тілге тиек етеміз.